Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жыл Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы болып жарияланады

2018 жыл Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы болып жарияланады

Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев Қызылорда облысы әкімдігі мен Атамекен облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер кеңесінің бірлескен отырысында мәлімдеді. Кеңеске «Атамекен» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев пен «Қазақтелеком» АҚ коммерциялық директоры Лиана Ганими қатысты.
Аймақ басшысы Елбасының «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдауында өмірдің барлық салаларын цифрландыруға ерекше назар аударылғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыруға ерекше назар аудара отырып, 10 негізгі міндетті қойды. Сонымен қатар, цифрландырудағы басымдық беретін негізгі көрсеткіштердің бірі қоғамның барлық салаларында, соның ішінде бизнесті дамытуда қызмет көрсетудің және дұрыс шешімдер қабылдау тәсілдерінің барлық аспектілерінде сандық қызметті кеңінен енгізу болып табылады. Сондықтан жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі ретінде - жаппай кәсіпкерлікті дамытуды, әсіресе ауылдық жерлерде осы саланы өркендетуді көздейді. Биыл біз өңірде жаппай кәсіпкерлікті даму жылын жариялауды жоспарлап отырмыз, себебі біз үшін бұл өте маңызды мәселе», - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким Кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы аясында аймақтағы шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндады.
«Қызылорда облысында жыл басынан бері Кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы әзірленді.
Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау үшін облыстың тауар өндірушілерінің каталогы құрылды, дайын бизнес-жобалар бар және өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарында бизнесті бастау туралы практикалық ұсыныстар жарияланып, шалғай елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін қашықтан кеңес беруді іске қосамыз», - деді Евгений Ким.
Айта кету керек, жол картасы 12 бөлімнен тұрады: жаппай кәсіпкерлікті дамытуға дайындық жұмыстары,кәсіпкерлерді оқыту және кәсіпкерлерді қаржылай қолдау, экономиканың түрлі салаларында жобаларды жүзеге асыру,шығарылған өнімді сатуды қамтамасыз ету,аймақ аралық әріптестікті дамыту, ақпараттық қолдау,сауданы дамыту,шағын және орта бизнес субъектілері үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту, ҚР Үкіметінің жобалық басқару аясында нысаналы индикаторларға қол жеткізу, кәсіпкерлік саласында көрсетілетін қызметтерді цифрландыру,нысаналы индикаторлар/нәтижелердің көрсеткіштері.
Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев және «Қазақтелеком» АҚ коммерциялық директоры Лиана Ганими ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті жүргізу үшін ашық цифрлық платформа құру шаралары туралы айтты.
Отырысты қорытындылай келе, облыс әкімі аймақта шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдай жасалатындығын баса айтты.
«Біз алғашқылардың бірі болып барлық кәсіпкерлерге қажет органдар өкілдерінің қатысуымен Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығын ашып, аймаққа инвесторларды тарту жұмыстары да қарқынды», - деді облыс әкімі.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны- 49 991 бірлікті құрады.Өңірдегі белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 37 450 бірлікке артқан. 2017 жылдың 9 айы ішінде шағын және орта кәсіпкерлік пен айналысатындар саны 85 801 адамды құраса, шағын және орта кәсіпкерлік өнімін шығару 207,6 млрд. теңге болды.
e-kyzylorda.gov.kz
25 қаңтар 2018 ж. 3 627 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930