Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда 19809 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қазалыда 19809 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Аудан әкімінің есепті кездесуінде Мұрат Нәлхожаұлы егін және мал шаруашылығын дамыту үшін бірінші кезекте ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануымыз керекдігін жеткізді. Аудан әкімінің айтуынша бүгінде аудандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің 30 пайызы ғана игеріліп отыр. Негізінен, осы жерлерді толық игеруге ауданның мүмкіндігі мол және жер көлемі де жеткілікті. Сондықтан, алдымызда пайдаланылмай тұрған жерлерге су апару арқылы қайта айналымға қосу міндеті тұр. Ол үшін бірінші кезекте олардың бойындағы каналдарды құжаттандыруымыз керек.
- Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 153 млн. теңгеге аудан аумағындағы 89 ішкі шаруашылық каналы, 463 карталық су арықтары, 471 карталық су тастау (сброс) жүйелері құжаттандырылды. Қазіргі таңда каналдар аудандық меншіктен республикалық меншікке өткізілуде. Бұны болғаннан кейін оларға рет-ретімен механикалық тазалау жұмыстарын жүргізетін боламыз. Каналдарды тазалап болған соң ауыл шаруашылығы жерлерін 100 пайыз айналымға қосамыз деген жоспарымыз бар, - деді Мұрат Ергешбаев.
Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырғанын тілге тиек етті. Өткен жылы жер учаскелерін пайдаланбаған 28 жеке және заңды тұлғалардан 19809 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды (Жыл көлемінде 23 рет аукцион өткізіліп, 52 жеке және заңды тұлғаға көлемі 13,2 гектар жер учаскесі рәсімделіп берілді. Аудандық бюджетке жалпы түскен түсімдердің көлемі 52 млн. теңгені құрады). Жұмыс жалғаса береді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
31 қаңтар 2018 ж. 2 187 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930