Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент келбеті – тазалықта

Кент келбеті – тазалықта

Өткен аптада қазалылықтар бесінші мәрте ұйымдастырылған #Birge#TazaQazaqstan акциясына біркісідей қатысты. Қоршаған ортаға пайдасы зор экологиялық сенбілікке білім саласының қызметкерлері шықты.

Әйтеке би кентіндегі тазалық жұмысы тесік көпір маңы мен 3 квартал аймағында жүргізілді. Сенбілікке қатысушылар өздеріне жүктелген аумақты қоқыстан тазартып, автожол бойын артық заттардан арылтты. Акция барысында “ЭКО Сервис Консалтинг” ЖШС тұрмыстық қатты қалдықтар мен бейберекет жатқан қоқыстарды көлікке тиеп, арнайы жерге апарды.
Айналаның тазалығына бейжай қарамайтын №276 мектептің техқызметкері Гүлсім Қоғамова әркез мұндай жалпыхалықтық шара­ларға белсене қатысатындығын жеткізді. “Әрине жан-жағымыз жинақы болса өзімізге пайдалы. Себебі тазалық – денсаулық кепілі деп бекер айтылмаса керек. Қазір халық та тазалыққа бейімделіп келе жатыр. Бұл мәселеге орай тиісті мекемелер кез келгеннің қалтасына тиімді қызметтерін ұсынуда. Біз шыққан аймақта бұрынғыдай қоқыстар көп болмағанымен біршама тұрмыстық заттарды жинадық. Целлофан, шыны және пластикалық бөтелкелер сынды заттарды бөлінген көлікке тиедік. Бұларды осы жерге әкелгендер өз істеріне ұялар. Негізі тазалыққа әрбіріміз жауапты болуымыз керек деп ойлаймын. Сонда ғана қоқысты кез келген жерге тастау әдетінен арыламыз”, – дейді ол.
Қандай елді мекеннің болмасын келбеті тазалықтан басталады. Мекеме қызметкерлері ұйымшылдығының арқасында біршама шаруа атқарылды. Әлі де қыруар еңбекті қажет етер жұмыстар жетерлік. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген. Сондықтан да әрбір кент тұрғыны намыс-жігерін қайрап, тазалыққа мән бергені жөн.

Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ

27 тамыз 2019 ж. 1 193 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930