Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда экологиялық акция жалғасын тапты

Қазалыда экологиялық акция жалғасын тапты

Қазалы ауданының тұрғындары осымен бесінші апта қатарынан #Birge #TazaQazaqstan акциясына қатысуда. Бүгінгі өткен ауқымды экологиялық сенбілікке аудан орталығы мен Қазалы қаласы және барлық ауылдық округтің тұрғындары шықты.
Әйтеке би кентіндегі бұл жолғы сенбілік 3 квартал аймағындағы темір жол өткелі жағында өтті. Дербес бөлімдердің қызметкерлері темір жол өткелінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізіне дейінгі жерді қоқыстан тазартып, жағдайды біршама жақсартты.
Ал, Біржан сал көшесінен темір жол өткеліне дейінгі көше бойы мен теміржолдың айналасын білім, денсаулық саласы және бірқатар мекеме-кәсіпорны тұрмыстық қатты қалдықтар мен бейберекет жатқан қоқыстарды жинады.
Жалпы әр адамның санасында «Мынау – менің ауылым!», «Мынау – менің қалам!», «Мынау – менің Отаным!» деген түсінік болса, айналасына бей-жай қарамайды. Жақында бастау алған осынау бір игі бастама жұртшылықты бірлікке, патриоттыққа, табиғатты аялауға, тазалыққа баулитын таптырмас мүмкіндік. «Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» болып өзіміз тұратын жерімізді таза, жинақы ұстауға тырысқанымыз ізімізден ерген өскелең ұрпақтың бойына сіңіп, болашағына азық болары сөзсіз.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
26 тамыз 2019 ж. 877 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031