Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин маусымда канадалық боксшымен жұдырықтасады

Головкин маусымда канадалық боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) 8 маусым күні канадалық боксшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жұдырықтасады. Ресми ақпаратты DAZN стримингтік сервисі хабарлады.
Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Отандасымыз жаңа стримингтік компаниямен келісімшарты бойынша алғашқы кездесуіне шығады. Боксшылардың жекпе-жегі 164 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді деп күтілуде. DAZN әлеуметтік желілердегі парақшаларында отандасымыз жайлы "Ол оралады" деп хабарлады.
35 жастағы канадалық боксшы кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген. Екінші орта салмақта жұдырықтасады.
Шаршы алаңдағы шайқастарының көпшілігін өз елінде өткізген. Алты рет АҚШ-та жұдырықтасқан. 2015 жылы 8 раундтық жекпе-жекке шыққан. Ал 2018 жылы 10 раундтық кездесуге шығып, USBA жүйесі бойынша АҚШ чемпиондық атағына ие болған.
- Мен шаршы алаңға оралғаныма өте қуаныштымын. Madison Square Garden аренасында Big Drama Show-ды күтіңіздер! MSG фанаттары – керемет. Мен боксты жақсы көремін. Роллске қарсы жекпе-жегімді көретін жанкүйерлер үшін өзімді айрықша қырымнан көрсетуге уәде беремін, - деді GGG қарсыласы анықталғаннан кейінгі алғашқы сұқбатында.
Жекпе-жек бойынша екі үлкен баспасөз жиыны өтеді. Біріншісі 22 сәуір күні Нью-Йоркта болса, екіншісі 23 сәуірде Лос-Анджелесте өтеді. Билеттер 20 сәуірден бастап сатылымға шығады.
Гена DAZN стримингтік сервисімен үшжылдық келісімшартқа (6 жекпе-жек) қол қойған болатын. Стивке қарсы осы келісім бойынша алғашқы жекпе-жегіне шығады.
Маусымдағы жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек ұйымдастырылуы да мүмкін. Ол үшін мексикалық боксшы 4 мамыр күні Лас-Вегаста америкалық Дэниель Джейкобсты жеңуі тиіс.
17 сәуір 2019 ж. 1 381 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 115

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 117

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 109

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 131

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 110

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 107

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 101

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031