Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақ стилінің не екенін көрсетемін". Әлімханұлы бірден екі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

"Қазақ стилінің не екенін көрсетемін". Әлімханұлы бірден екі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады

 
 Орта салмақта жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) алғашқы титулды жекпе-жегіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
  Қазақстандық 25 жастағы спортшы 12 сәуірде Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында жұдырықтасады. Әлімханұлының қарсыласы мексикалық 27 жастағы Кристиан Оливас (16-4, 13 КО).
  Бұл жекпе-жек жеңімпазы бірден екі WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін тағады.
  Мексикалықтарға қазақ бокс стилін көрсетеміз! - Қазақстандық боксшы Альваресті жекпе-жекке шақырды
 "Бадди Макгиртпен барымды салып жаттығып жатырмын. Оливес мықты қарсылас екенін білем, ол алға ғана жүріп, тамаша жекпе-жек көрсетеді. Staples Center аренасында жұдырықтасу арманым орындалды, Лос-Анджелесте барлық жанкүйеріме керемет шоу тамашалатқым келеді. Бәріне қазақша стильдің қандай екенін көрсетемін", - деп келтіреді Әлімханұлының сөзін Top Rank/ESPN баспасөз хабарламасы.
  Өзінің Instagram желісінде қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жекте жеңіске жету мен карьерасында алғашқы екі белбеудің иесі болу үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.
  "Әлемге қазақ бокс стилін көрсету жолында аянып қалмаймын. Екі қолда екі белбеу, иықта көк ту жамылған қуанышты сәтті бірге тойлауды жазсын!", - деді ол.
20 наурыз 2019 ж. 1 335 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930