Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 14 тамызда жапон боксшысы Йошихиро Камегаимен (27-4-2, 24 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жекпе-жек АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді. Ал қай қалада және қай аренада болатыны әзірге белгісіз.
35 жастағы жапон боксшысы өткен жылдың тамыз айында пуэрто-рикалық боксшы Мигель Коттомен жұдырықтасқан. Төрешілер шешімі бойынша қарсыласына есе жіберген. Карсонда өткен бұл кездесуде WBO тұжырымы бойынша чемпиондық бос белбеуге таласқан еді.
Йошихиро Камегаи кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізген. 27 рет жеңіске жеткен. 24 қарсыласын нокаутпен ұтқан. 4 рет жеңіліп, 2 рет қарсыласымен тең түскен.
Айта кетейік, Қанат Ислам ақпан айында танымал менеджер Эгис Климаспен келісімге келіп, АҚШ-тағы жаттығуын бастаған еді.
Қанат 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста қазақ елінің атынан бақ сынап келеді. Ал оған дейін Қытай елінде жүріп Олимпиада ойындарының (2008 жылы) және әлем чемпионатының (2007 жылы) қола жүлдегері атанды.
Қазақ боксшысы соңғы кездесуін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін сақтап қалған-ды.
qamshy.kz
14 мамыр 2018 ж. 1 339 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930