Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын 35 секундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласын 35 секундта нокаутқа түсірді

Бірінші жартылай орта салмақта қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Ноэ Нуньесті уақытынан бұрын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек канадалық Монреалда өтті. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ бірінші раундта-ақ аяқталды. Жүкембаев үшін 35 секунд жеткілікті болды. Ол қарсыласын нокдаунға түсірді, бірақ ол орнынан тұрды. Алайда қазақстандық боксшы алған бетінен қайтпай, оны қайта құлатты. Жекпе-жектің ресми нәтижесі - Жүкембаев техникалық нокаутпен жеңді.
Бұл 26 жастағы Жүкембаевтың 12-нші жеңісі (10 нокаут), ал 30 жастағы Нуньес алты рет жеңіліп, 18 рет жеңген (13 нокаут) және бір рет тең түскен. Айта кетейік, 2015 жылы кәсіпқой бокста тұңғыш рет жұдырықтасқан Жүкембаев барлық жекпе-жегін Канадада өткізді, ал 2010 жылдан бері жұдырықтасып жүрген Нуньес Мексикадан тыс жерде екі рет қана кездесу өткізген. Бокс кешінің шеңберінде тағы бір қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Жеңіл салмақта Абылайхан Құсайынов мексикалық Хильберто Месаны жеңді. Жекпе-жек сегіз раундтқа жалғасты. Қорытынды бойынша Құсайынов жеңді. Бұл 26 жастағы Құсайыновтың кәсіпқой бокста өткізген сегіз жекпе-жегіндегі сегізінші жеңісі (алты нокаут), ал 23 жастағы Месаның қоржынында сегіз жеңіс пен осымен үшінші жеңіліс бар (бес нокаут) және бір рет тең түскен. Құсайыновтың кәсіби бокстағы алғашқы кездесуі 2015 жылы Қытайда өткен, қалған жекпе-жектері Канадада болды. Ал Месаның қазақстандық боксшыға қарсы жекпе-жегі отаны Мексикадан тыс жерде өткен тұңғыш кездесуі болды.
tengrinews.kz

02 сәуір 2018 ж. 2 139 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 121

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 119

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 116

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930