Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин маусым айында жекпе-жекке шығады

Геннадий Головкин маусым айында жекпе-жекке шығады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО)  DAZN стриминг платформасының атқарушы директоры Джон Скипермен бірге баспасөз мәслихатын өткізбек, деп хабарлайды  Sports.kz.
Баспасөз мәслихаты дүйсенбі күні Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді. Онда Головкин өзінің жақын арадағы жоспарларымен бөліседі. Ал DAZN жетекшісі ынтымақтастықтың жаңа қырларымен таныстырады.  
Айта кетейік, Головкин DAZN ұйымымен келісімшарт жасады.  Ол 3 жылға созылады және осы уақыт аралығында қазақстандық боксшы 6 кездесу өткізбек. Геннадий жылына екі жекпе-жек өткізіп отыратын болады. Келісімшарт уақыты аяқталған соң ол карьерасымен қош айтыспақ. Қазақстандық боксшының DAZN аясындағы алғашқы кездесуі маусымда өтеді. Алайда оның қарсыласы әзірге  белгісіз.
Дереккөз: Қазақпарат
10 наурыз 2019 ж. 1 460 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930