Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүгіруді жаны сүйетін желаяқ

Жүгіруді жаны сүйетін желаяқ

Халық арасында жиі айтылатын «Денің сау болсын десең – жүгір. Сұлу болғың келсе – жүгір. Ақылды болғың келсе – жүгір» деген қанатты сөзді жадында берік ұстанған Тасболат Жанпейісов бала күннен жүгіруді жаны сүйетін. Себебі, ол туып өскен аядай ауылда спортпен айналысатын жандар көптеп кездесетін.
– Мен дүниеге келген Арал ауданының Райым ауылына қарасты “Водокачка” учаскесіндегі тұрғандардың қай-қайсысы да салауатты өмір салтын серік еткендер. Біздің ауылдан небір мықты-мықты спортшылар шықты. Сондықтан менің де спортпен шұғылданбауға қақым жоқ еді. Негізінен бала күнімнен футбол ойнағанды жақсы көретінмін. Қолымыз бос кезде балалар таңертеңнен кешке дейін далада доп қуалайтынбыз. Жүгіруді біздің кезімізде спорт деп санамайтын. Қанша мәрте мектепте топ жарсам да ауданға жібере бермейтін, – дейді жүгіруді жаны сүйетін Тасболат Әміреұлы.
Тасболат жүгіруді мектеп жасында бастады десек те болады. Өйткені ол тұратын учаскеде білім ордасының болмауынан 2-3 шақырым қашықтықта орналасқан Райымдағы мектепке жаяу қатынап оқуға мәжбүр болды. Сонда өзі құралпы балалармен сабаққа жүгіріп барып, жүгіріп қайтатын. Мұнан соң бұл оның әдетіне айналып, үнемі жанына серік етті. Жүгірумен айналысқаны әскерге барғанда да өз септігін тигізді. Бір жолы өзі азаматтық борышын өтеген Хабаровск қаласындағы жарыста бірінші орынды жеңіп алып, ауылға 18 күнге демалысқа келгенін әлі күнге ұмытқан емес.
Әскерден оралған соң аудан орталығындағы қазіргі “Қазалысусервис” мекемесіне машинист болып жұмысқа тұрады. Бұл мекемеде әлі күнге дейін еңбек ететін ол жүгіруді ойынан бір сәтке де тастаған емес. Бала кезден өзі жақсы көретін футболды да ұмытпады. Қақпашы бола жүріп, талай республикалық жарыстарда Қазалы ауданының намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Десе де желаяқ үшін жүгіру бірінші орында тұрады.
Қашан көрсең де көшеде әрлі-берлі жүгіріп жүре­тін ол осы уа­қытқа дейін көп­теген марафон­дарға қатысты.
– Күнара Қазалы қаласына жүгіріп барып, қайтамын. Бір қалыппен жүгіре отырып 50 минутта сонда барып, қайтар жолға тағы да 50 минут жұмсаймын. Стадион ішінде де қысы-жазы жаттығып тұрамын. Осындай күндердің бірінде ауданда марафон өткізуді ұйымдастырып жүрген Рауан Есбергеновпен таныстым. Бірде өзі ұйымдастыратын жарысқа қатысуға шақырды. Ұсынысын қабыл алып, келісімімді бердім. Мұнан кейін 2015 жылы Алматы қаласында өтетін халықаралық марафонға қатысуға өзімен бірге баруға қалай қарайтынымды сұрады. Мен бастапқыда спорттық киімдерім сай еместігін айтып, қарсылық білдірдім. Алайда қалтасынан қаржы шығарып, керек-жарақтарымды алып берді. Бұл спорттық жабдықтардың бағасы тым қымбат тұрады, – дейді ол ризашылық пейілмен үн қатып.
Осылайша жерлес желаяқ алғашқы қатысқан Алматыдағы ірі жарысында өз жас категориясы бойынша (50-60 жас аралығында) үшінші орынға қол жеткізіп, туған жерге табысты оралды. Мұнан соң бұл халықаралық марафонға 2016 жылы тағы да қатысып, бағын сынады. Ал, өткен жылы Шымкент қаласындағы дүбірлі додада сегізінші орынды місе тұтты. Тасболаттың айтуынша, бұл бәйгеде аяқ киімінің дұрыс болмауы біршама кедергі келтірген екен. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін жақында кәсіпкер жігіттердің көмегімен 65 мың теңгенің жаңа крассовкасына қол жеткізген. Ендігі жарыстарда міндетті түрде топ басынан көрінемін деп отыр.
– Жүгірудің басты пайдасы – денсаулықты түзету. Денсаулықты жөндеп, ұзақ ғұмыр сүремін десеңіз, жүгіріңіз. Жүгіру иммунитетті көтеріп, жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, ұйқысыздықтан арылып, арықтауға жол береді, – дейді Тасболат.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
19 ақпан 2019 ж. 1 795 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930