Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » “Қазалы вальсі” қазалылықтар жүрегінде

“Қазалы вальсі” қазалылықтар жүрегінде

Әр заманның әнінде кейінгі әуен тарихына ұқсамайтын сыр жататыны белгілі. Соған қарап музыкалық шығармаларды жаны сүйетін қазақ халқын тарихи қазынаға бай деп айтуға болады. Отанға, халыққа, туған жерге деген махаббаттан туған әсерлі жыр әуезді әуенмен үйлесім тауып, өткен күндердің шуақты сәттерінің куәсі ретінде қай уақытта да тыңдаушы жадынан өшкен емес. Сондай әннің бірегейі ретінде қазалылық ақын Жетіскен Мәкеналы сөзін, композитор Қорған Жолдыбаев әуенін жазған “Қазалы вальсін” айтуға әбден болады.

Танымал әннің нотасын сызып, дүниеге әкелген Қорған Жолдыбаев қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады. Әннің өмірге келуі жайлы сазгер: “Облыстық байқау жарияланған соң ән жазуға кірістім. Оған сәйкес келетін сөзін де көп іздедім. Жетіскен Мәкеналының өлеңін әуенге салып көрдік. Әннің ырғағына сай аздап өзгерттік. Нәтижесінде тамаша туынды жарыққа шықты. Байқаудың бас жүлдесі де бізге бұйырды”, – деп еске алады.

Қазыналы Қазалы жерінде қазақ ұлтының маңдайына біткен қаншама қасиетті бабалардың кіндік қаны тамғаны белгілі. Ел егемендігін шегендеуге үлес қосқан арда азаматтар да жетерлік. Осындай тұлғалардың өмір жолына қанық, тұтас ғұмырын туған жердің өсіп-өркендеуіне арнаған қаламы қарымды ақыннан мұндай дүниенің туылуы заңды да секілді. Қазалының төлқұжатына айналған әннің тұңғыш орындаушысы Ғалия Оспанованың айтуынша, туған жер туралы жыр жазу ақынның көкейінде біраздан жүрген.

– “Қазалы вальсі” менің орындауымда алғаш “Қазалы” радиосында шырқалды. Оркестрдің сүйемелдеуімен, жанды дауыста жарық көрді. Бұл 1981 жылдың шамасы болуы керек. Сол уақытта туған жер тақырыбында облыстық әндер байқауы жарияланды. Жәкең бұл сайысқа айрықша мән берді. Музыкалық туындыны сайыстан кейін де көптеген үлкен шарада орындадық. Көпшілік жатқа білетін “Аралым – аяулым” әні де Ж.Мәкеналы ағамыздың сөзіне жазылғанын біраз адам біле бермейді. Бірде облыс деңгейінде Арал теңізінің тағдырына байланысты жиын өтті. Оған Елбасы арнайы қатысқан еді. Осы қос әнді Елбасы алдында орындап, халықтың зор қошеметіне бөленгенім әлі есімде, – дейді Ғ.Оспанова.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
22 қаңтар 2019 ж. 4 122 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930