Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақтауға лайық Мұқағали

Мақтауға лайық Мұқағали

Қыс басталса, Қазалыда кіші футбол маусымы қыза түседі. Ара-тұра күнделікті күйбең тіршіліктен қолымыз қалт еткенде аудандық футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтетін аяқдоп бәсекесіне барып, Қазалы қаласының командасына жанкүйер боламын. Бірде ұтып, бірде ұтылатын өз командамнан бөлек, қарсыластардың құрамындағы ойыншыларға да көз тастап, оның мықты жақтарын үлгі етіп айтып жүремін. Сондай дарынды, мақтануға лайық жандардың бірі – Мұқағали Сансызбаев.
Бір өзі бірнеше спорт түрін мықтап меңгерген Мұқағалиды алғаш рет кіші футболдан аудан біріншілігінде байқадым. Өзгелерден техникалық шеберлігі, доп ұстау мәнерімен ерекшеленетін ол үнемі командаластарын алға сүйреп жүретін. Қарсыластар қақпасына доп салып, үнемі әріптестерін гол салатын ұрымтал тұсқа шығарып отырады. Бір сөзбен айтқанда, талапшыл жас жылдамдық пен тез шешім қабылдауды қажет ететін спорт түрін еркін меңгерген.
Әйтеке би кентінде спортшылар отбасында өмірге келген Мұқағали бала кезден спортқа бір табан жақын болып өсті. Олай болмауы әсте мүмкін емес еді. Әкесі Серік Сансызбаевтың есімі ауданымызға ғана емес, облыс, республика көлеміне де танымал болатын. Аудан, облыс футболының дамуына айрықша үлес қосқан азамат бүгінде арамызда жоқ. Алайда, оның есімі аудан спортының тарихына алтын әріптермен жазылып қалды. Әкесінің сара жолын ағасы Берік абыроймен атқарып жүр. Қазіргі таңда Берік Сансызбаев қыздар футболынан облыс құрамасының аға бапкері.
Жастайынан салауатты өмір салтын ұстанған Мұқағалиға оралатын болсақ, ол орта мектепті тәмамдаған соң Тараз қаласындағы педагогикалық институтқа «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына құжаттарын тапсырды. Бір жылдан соң Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицейге жұмысқа орналасып, осы білім ордасындағы «Спорт және өнер» орталығында «Жігер» индоор-хоккей үйірмесінің жетекшісі болып қызметке кірісті.
Қазалыда спорттың әр түрінен биік шыңдарды бағындырып, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында жасындай жарқылдап өнер көрсеткен спортшылар көп емес. Олардың арасында әрине, Лондон жазғы Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізген Марина Вольнованың шоқтығы биік. Одан бөлек, Дәуренбек Тәжімбетов пен Құндыз Қожахмет футболдан Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткенін жақсы білеміз.
Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Мұқағали да көгалдағы хоккей мен индоор-хоккейден Қазақстан құрамасында шеберлігін шыңдап жүрген спортшы. Жетістіктері де жаман емес. Мәселен, Орал қаласында көгалдағы хоккейден өткен Халықаралық турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды. Көгалдағы хоккейден Сингапур, Тәжікстан мемлекеттерінде өткен әлем біріншілігінің іріктеу турнирінде еліміздің намысын қорғады.
Сондай-ақ, Мұқағали Серікұлы Тереңөзек кентіндегі «Қайсар» индоор-хоккей клубының ойыншысы ретінде ел біріншілігінде, Ресейдің жоғарғы лигасының біріншіліктерінде өнер көрсетіп жүр.
2011-2015 жылдар аралығында аталған клубтың сапында бірнеше рет республика біріншілігінің жүлдегері атанды. 2016 жылы көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионатында І орын иеленді.
Көгалдағы хоккейден Қазақстан Республи¬касының «Спорт шебері» атанған Мұқағали бүгінде аудан тарихында тұңғыш рет индоор-хоккей спортын балалар арасында насихаттап, шәкірт тәрбиелеп жүрген табысты жаттықтырушы десе де болады. 2014 жылы Мұқағали жетекшілік ететін «Жігер» командасы көгалдағы хоккейден өткен республикалық жарыста ер балалар арасында үшінші орын, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған республикалық турнирде екінші орынды жеңіп алды.
Әңгіме арасында Мұқағали Серікұлы: «Спортпен бала кезден айналысып келемін. Көгалдағы хоккей және индоор-хоккейден Қазақстан құрамасы сапында біршама ойын өткіздім. Халықаралық аренадағы жеңісті күндерімді, естен кетпес сәттерімді ұмытпаймын. Мұндай толағай табыстар маған оңайшылықпен келген жоқ. Әр күні жаттығуда тынбай еңбектеніп, тыңғылықты жұмыс істедім.
Сондай-ақ, үнемі аудандық, облыстық жарыстарда туған жердің намысын қорғап келемін. Өзім қатысқан жарыстарда қоржыным бос қайтқан күндер болған емес.
Спортпен шұғылдану денені ғана емес, адамның рухын жетілдіреді, ерік-жігер береді, табандылық, қажырлылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Спорт – біздің болашағымыз. Сон¬дықтан бұл саланы дамытуға өз үлесімді қосамын», – деп спортпен айналысудың пайдалы жақтары да өте көп екенін тілге тиек етті.
«Жігітке жеті өнер де аз» деген. Ал, Мұқағали болса, жеті спорт түрін жетік меңгерген. Ол спорттың футбол, волейбол, қол добы және баскетбол сияқты түрлерімен де айналысып, тамаша өнер көрсетіп жүргенін мақтанышпен айта кеткен орынды. Облыстық, аудандық деңгейде өткен спорттық жарыстарда Президенттік көпсайыста, арқан тарту, футболдан, волейболдан, қол добы, баскетбол түрлерінен аудан намысын абыроймен қорғап келеді.
Қашанда мұғалімдер арасында өтетін түрлі жарыстарда аудан намысын абыроймен қорғап, жеңістің биік тұғырынан көрініп жүреді. 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудан білім қызметкерлері арасында өткен «Сергектік» эстафеталық жарысында, 2016 жылы футболдан ІV облыс чемпионатында бірінші орын алған. Облыстық ауыл спортшыларының «Алтын күз» спартакиадаларында президенттік көпсайыста, «Нашақорлыққа жол жоқ» ұраны мен «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» жүлдесіне арналған футболдан жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі жарыста «Үздік жаттықтырушы» бағамын иеленді.
Түрлі дәрежеде республикалық, облыстық білім басқармасының, облыстық спорт комитетінің, марапаттарын иеленіп жүрген Мұқағали Сансызбаев 2017 жылы аудандық «Е.Бозғұлов атындағы» стипендия иегері атанды.
Еліміздің көк байрағын халықаралық аренада желбіретіп жүрген жерлесімізге тек қана биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Олимп шыңынан жарқырап көрін, Мұқағали!

Мұқағали Сансызбаев 1992 жылдың 4 қазаны күні Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Мұқағали Серікұлы көгалдағы хоккей мен индоор-хоккейден Қазақстан құрамасының мүшесі. Көгалдағы хоккейден Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.
27 қаңтар 2018 ж. 2 537 1

Mathias от 18 мамыр 2025 22:26
I pay a quick visit everyday a few sites and sites to read posts, however this webpage gives feature based content. meilleur casino en ligne At this moment I am ready to do my breakfast, later than having my breakfast coming again to read other news. casino en ligne fiable These are truly enormous ideas in on the topic of blogging. You have touched some pleasant points here. Any way keep up wrinting. casino en ligne France I used to be recommended this web site by my cousin. I'm now not positive whether or not this publish is written through him as nobody else realize such distinct approximately my problem. You are amazing! Thank you! casino en ligne I like the valuable info you provide on your articles. I will bookmark your weblog and test once more right here frequently. I'm somewhat sure I'll be informed a lot of new stuff proper right here! Good luck for the next! meilleur casino en ligne Your style is unique compared to other folks I've read stuff from. Many thanks for posting when you've got the opportunity, Guess I'll just bookmark this page. meilleur casino en ligne I'm gone to say to my little brother, that he should also visit this website on regular basis to get updated from most recent information. casino en ligne Your means of describing everything in this paragraph is in fact pleasant, all be able to simply know it, Thanks a lot. casino en ligne fiable Thanks for sharing such a good opinion, paragraph is good, thats why i have read it entirely casino en ligne francais Wow that was unusual. I just wrote an really long comment but after I clicked submit my comment didn't show up. Grrrr... well I'm not writing all that over again. Anyhow, just wanted to say great blog! casino en ligne francais

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031