Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нурмагомедовтің келесі қарсыласы аталды

Нурмагомедовтің келесі қарсыласы аталды

  UFC ұйымының бас комментаторы Джо Роган ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің (27-0) келесі қарсыласы кім болу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның айтуынша, ресейліктің келесі қарсыласы америкалық файтер Тони Фергюсон (24-3) болуы керек. "Жо-жоқ, оны шетте қалдыра алмайды. UFC көзқарасы Тониге түзу. Дана Уайт Хабиб үшін келесі Фергюсон екенін айтқан. (...) Оған мүмкіндік беретін уақыт келді. Фергюсон сұмдық жігіт. Тони 11 жекпе-жекте жеңілмей келеді. Ол Эдсон Барбозаны Д’Арсе әдісімен, Кевин Лиді үшбұрышқа алып тұншықтырды. Петтис, Ванната, Томсон, Дос Аньосты жықты. Бұл жігіт айуан ғой. Оған лайықты деңгейде назар аударып жатқан жоқ", - деп келтіреді Роганның сөзін BJ Penn.
  Фергюсон мен Нурмагомедов үш рет жұдырықтаспай қалған болатын. 2015 жылы желтоқсанда файтерлер The Ultimate Fighter 22 финалында кездесу керек болған, алайда Хабиб жарақатына байланысты турнирді жалғастырмады. Ал 2016 жылдың сәуірінде Фергюсонның өкпесінде ақау болды, 2017 жылы дағыстандық салмақ қууға байланысты аурухаған түсіп қалған еді.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz
15 қараша 2018 ж. 755 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930