Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Конор-Хабиб" жекпе-жегін қазақ тойларымен салыстырды

"Конор-Хабиб" жекпе-жегін қазақ тойларымен салыстырды

     Отандық ережесіз жекпе-жек спортшысы Қуат Найман қызу талқыға түскен Конор Макгрегор мен Хабиб Нурмагомедовтің жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Ол екі спортшының кездесуін қазақ тойларымен салыстырып, өзі де UFC-де өнер көрсеткісі келетінін жасырмай айтты.
     Қуат Найман өзінің Instagram парақшасына жазба қалдырып, 7 қазан күні өткен жекпе-жекке қатысты ойын білдірген. Отандық спортшы қызу талқыға түскен жұдырықтасудың күлкілі көрінгенін жазды.
    "Бәрінен де маған жекпе-жектен кейінгі төбелес ұнады. Бұл жағдай менің есіме қазақ тойларын түсірді", - деп жазды "Найман".
   Ол Конор мен Хабибтың жұдырықтасуы тарихи оқиға болып қаларына кәміл сенімді екенін жеткізді. Оған қоса, Қуат Хамитов екі спортшыға да ерекше шоу көрсеткені үшін алғыс білдірді. Оған қоса, отандық спортшы да танымал ережесіз жекпе-жек чемпионатында өнер көрсеткісі келетініні мәлімдеген.
     "Мен де UFC-де болғым келеді" , - деді ол.
   Айта кетейік, Конор Макгрегор мен Хабиб Нурмогамедовтың арасындағы жекпе-жек ресейлік спортшының жеңісімен аяқталды. Ирландиялық жұлдызды қарсыласы қылқындырып ұтқан. Кездесу соңында Нурмагомедов жанжал шығарып, екі спортшы да алаңнан қуылды. Оған қоса, ресейлік палуанның үш топтасын полицейлер тұтқынға алды.
08 қазан 2018 ж. 1 618 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930