Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Велошабандоздар бақ сынады

Велошабандоздар бақ сынады

«Дені саудың – жаны сау» демекші, соңғы жылдары өңірде салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі додалар өткізіліп жатқаны көпке мәлім.
Соның бір дәлелі, «Заң заңғары» компаниясы мен аудандық ішкі саясат бөлімі бірлесіп өткізетін дәстүрлі әуесқойлар арасында веложарыс десек қателеспесіміз анық.
Желмен жарысқан велошабандоздардың «Tur de Qazaly – 2018» веложарысына бұл жолы 15-30 жас аралығындағы жастар қаты­сып, бақ сынады.
Велоспортты дамыту мақсатында өткі­зілген аудан біріншілігінде жеңімпаздарды анықтау ІІІ санат бойынша бөлінді. Барлығы 50 сайыскер қатысқан жарыста «А» санаты бойынша бірінші орынды Ырысбек Әбубәкір иеленсе, екінші орын Бауыржан Орынбасаровқа, үшінші орын Жандәулет Өндірейге бұйырды.
Ал, «В» санаты бойынша Бауыржан Орынбасаров алдына қара салмай бірінші орынға жайғасса, екінші орын Мейрамбек Елубаевқа, үшінші орын Ақтілек Әбілғазыға берілді.
Мұнымен қатар, «С» санаты бойынша бірінші орынның жүлдесі Ақтілек Әбілғазыға тапсырылса, Самат Жеңіс екінші, Абдолла Дәли үшінші орынды өзара бөлісті.
18 шақырымдық жарыс жолында алғаш мәреге келген спортшыларды марапаттау салтанатында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Темірбаев пен «Заң заңғары» компаниясының өкілі Рауан Есбергенов жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар, бағалы сыйлықтар табыстады.

Е.ТАБЫНБАЕВ
12 қыркүйек 2018 ж. 809 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 58

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930