Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан құрамасының 2018 жылғы Азия ойындарына арналған киімі таныстырылды

Қазақстан құрамасының 2018 жылғы Азия ойындарына арналған киімі таныстырылды

Қазақстан ұлттық құрамасы Жазғы Азия ойындарына отандық өндірушілер дайындаған жаңа киім үлгісімен аттанады. Спортшылардың жаңа образын жасауда көшпенділер тақырыбы басты назарға алынды. Коллекцияның негізгі нысаны – техно-стильде орындалған сұңқар құс. Қазақстан тарихында жыртқыш құстармен аң аулау үлкен маңызға ие екені белгілі. Аңды көп қағатын құстар еркіндіктің, биікке ұмтылудың символы болып есептеледі. Негізгі детальдардың бірі ретінде барлық өнімдерден көрінетін «KZ» әріптерін айтуға болады.
Спорттық экипировка жаттығуға және шеруге арналған костюмдерден, поло, шолақ шалбар, жеңіл жейде және өзге де қажетті элементтерден құралған. Барлығы 16 бағыт бар. Форманың дизайны мен дайындалуы қазақстандық өндірушілерге тапсырылды. Формадағы киімдердің барлығы Азия ойындарын қабылдаушы мемлекет – Индонезияның климаттық ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындалды.
Экипировкадағы киімдердің басым бөлігі трикотажды кенеп матадан тігілген. Бұл спортшылардың киім кигенде өзін ыңғайлы сезінуіне көмектеседі. Форма негізінен қою көк және ақ түстерден құралады, ал басты шешімдер – минимализм мен таға бағыт. Киімді өлшеп көрген спортшылар форманың ыңғайлы әрі әдемі екенін алға тартты. Аталған киім үлгісі Қазақстан ҰОК арнайы комиссиясының шешімімен таңдалды. Сондай-ақ, комиссия құрамына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен танымал спортшылар енді. Форманы алғашқылардың бірі болып суда жүзуші Дмитрий Баландин, синхронды жүзуші Кристина Тыныбаевамен ашылу салтанатында Қазақстан байрағын көтеріп шығатын боксшы Әбілхан Аманқұлдар киіп көрді.
31 шілде 2018 ж. 1 800 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 104

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930