Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Элизабет Тұрсынбаева - «Жылдың үздік жас спортшысы»

Элизабет Тұрсынбаева - «Жылдың үздік жас спортшысы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Хабар» агенттігімен бірлескен «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауы бойынша жерлесіміз, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «Жылдың үздік жас спортшысы»атағына ие болды. Ол сауалнама қорытындысы бойынша 4100 дауыс жинады.
Элизабет - әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР 4 дүркін чемпионы, қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының және VIII қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері,халықаралық турнирлердің көпдүркін жеңімпазы және жүлдегері.
Жақында, 25-28 қазанда Минскіде өткен халықаралық «ICE STAR» турнирінде Элизабет бірінші орынды иеленіп, Қазақстанның әнұранын шырқатты. Ал 15-19 қараша аралығында Франциядағы Гран-При жарысында екі бағдарлама бойынша 200 ұпаймен рекордтық көрсеткішке ие болды.
25 қарашада Шанхайда өткен «Shanghai Trophy»турнирінде жеке сырғанауда күміс жүлдені иеленді.
Сондай-ақ, ол биылғы жылы Хельсинкидегі әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау тарихында әйелдер арасында тұңғыш рет Кореяда өтетін Олимпиадаға екі лицензияны жеңіп алды.
05 желтоқсан 2017 ж. 3 687 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930