Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихта алғаш рет қазақстандық файтер UFC-мен келісімге қол қойды

Тарихта алғаш рет қазақстандық файтер UFC-мен келісімге қол қойды

Жартылай орта салмақта M-1 Global тұжырымының чемпионы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді ұйым UFC-мен келісімшартқа отырды.

Бұл туралы қазақстандық спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлім етті. «Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа қол қойып, ең үздік ММА ұйымымен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Алғашқы жекпе-жек қараша айына жоспарланған. Шавкат UFC-дегі бірінші қазақстандық спортшы, бірақ соңғысы емес екеніне сенімдімін» деп жазды Саят Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында. Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов наурыз айында M-1 Global чемпиондық белбеуін иемденген болатын. Әзірге ол UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық. Одан бөлек UFC-де үш жеңіске жеткен Ресейдің атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Дамир Исмағұлов бар.


31 шілде 2019 ж. 947 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031