Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкиннің рингке қашан оралатыны белгілі болды

Геннадий Головкиннің рингке қашан оралатыны белгілі болды

  DAZN телеплатформасы қазақстандық спортшымен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. Геннадий Головкин рингке маусым айында шығады деп жоспарлануда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
   Көптен күткен келісімшартқа 8-ші наурыз күні қол қойылды. DAZN Twitter-дегі ресми парақшасында осы оқиғаға орай видео жариялады.
  Бұл келісімшарт үш жылға жасалды. Осы уақыт аралығында экс-чемпион алты жекпе-жек өткізуге тиіс.
  Алғашқы жекпе-жек маусым айына белгіленді, алайда GGG қарсыласы кім болатыны белгісіз.
  Ол жеңіске жетсе, ал Сауль Альварес Дэниэль Джейкобстан басым түсе алса, қарсыластар үшінші жекпе-жектерін өткізе алады.
  Головкиннің соңғы телесеріктесі HBO арнасы болған, бірақ оның келісімшартының мерзімі аяқталып, кейін арна басшылығы бокстан кетуді жөн көрген болатын.
  Еске сала кетейік, Головкин әлем чемпионымен жұдырықтасатыны жайында жазған болатынбыз.
09 наурыз 2019 ж. 1 154 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930