Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елеусінов бесінші жеңісіне қол жеткізді

Елеусінов бесінші жеңісіне қол жеткізді

Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов никарагуалық Маркос Мохиканы нокаутқа түсірді.

Vesti.kz порталының жазуына қарағанда, жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша жекпе-жек Монакодағы "Казино де Монте-Карлодағы" ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) арасындағы бокс кешінің андеркартында өтті.

Сегіз раундқа жоспарланған Елеусінов-Мохика жекпе-жегі үшінші раундта аяқталды. Екінші үшминуттықта қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Үшінші раундта Мохика тағы да канвасқа түсіп, 1:53-те рефери жекпе-жекті тоқтатты.
27 жастағы Елеусінов үшін бұл бесінші жеңіс (үшеуі нокаутпен), ол кәсіпқой бокста бес кездесу өткізді. Ал 33 жастағы Мохика мансап жолында үшінші рет жеңіліп отыр, қоржынында 16 жеңіс бар (12 нокаут) және екі рет тең түскен.
Айта кетейік, осы кеште қазақстандық Сұлтан Зауырбек (2-0. 1 КО) никарагуалық Джонсон Теллесті (12-44-5, 6 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа наурыз айының басында түбегейлі ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.

baq.kz​​​




25 қараша 2018 ж. 1 157 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 160

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031