Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біріншілік басталды

Біріншілік басталды

Өткен сенбі күні Әйтеке би кентіндегі №204 мектепте кіші футболдан кезекті аудан біріншілігі өз жалауын көтерді. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге 12 команда қатысып отыр.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов, аудандық футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергенов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудандық футбол федерациясы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған турнирдің дәстүрге айналғанына жас аяқдопшылар қуанышты. Сондықтан болар, биылғы аудан біріншілігіне қатысуға тілек білдірген командалардың қарасы қалың болды. Осыны ескерген ұйымдастырушылар командаларды іріктеу сынынан өткізуді жөн санады. Бір айта кетерлігі өткен жылы аудан біріншілігінде жоғары орын алған «Қыран», «Энергомера», «Жанқожа», «Әмір», «Қазалы», «Намыс» және «Бекарыстан би» командалары іріктеу ойындарына қатысқан жоқ.
Іріктеу ойындарына «Айсер», «Достық», «ХҚКО», «Орда», «Ғани жастары», «Көркем», «Басықара», «Саят» командалары қатысып, аудан біріншілігіне берілетін жолдамаларды сарапқа салды. Қарсыластарына қарағанда ширақ қимылдап, өздерінің аудан біріншілігінде өнер көрсетулеріне лайықты екендіктерін көрсеткен «Айсер», «Достық», «ХҚКО», «Орда», «Ғани жастары» командалары мықтылардың қатарына қосылды.
Біріншіліктің алғашқы ойыны өткен жылы жеңімпаз атанған «Қыран» мен «Достық» командаларының арасында өтті. Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша 8:2 есебімен қырандықтар жеңіске жетті. Жеңімпаз команданың сапында Қазақстан ұлттық құрамасында доп тепкен Дәуренбек Тәжімбетов өнер көрсетіп, қарсыластар қақпасына екі доп соқты. Қазіргі таңда ел біріншілігіндегі қысқы үзіліске байланысты демалыста жүрген жерлесімізден жастардың үйренері көп. Бұдан бөлек, біріншілікте «Қайсар», «Байқоңыр» командаларының сапында доп теуіп жүрген қазалылық өрендер Әлім Тәңірберген, Ғазиз Ахмет, Нұрперзент Төребек, Оңғарсын Тоқсанбайлардың да ойнауы көңіл қуантады.
Біріншіліктің өзге ойындары да өте тартысты өтті. Оны командалар арасындағы соғылған голдар мен таблодағы есептің өзі айқындап тұрғандай. Сонымен тартысты өткен ойындардың қорытындысы төмендегідей: «Энергомера» – «Жанқожа» 3:2, «Әмір» – «Ғани жастары» 5:3, «Бекарыстан би» – «Айсер» 5:3, «Намыс» – «Орда» 4:4.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.
25 желтоқсан 2017 ж. 2 290 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 68

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930