Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңімпаз «Жігер» футболшыларын аудан әкімі қабылдады

Жеңімпаз «Жігер» футболшыларын аудан әкімі қабылдады

Қазалы футболының жетістіктері жыл санап артып, қарқынды дамып келеді. Біздің ауданымыздың аяқдоп шеберлері облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейлерде өнер көрсетіп, абырой биігінен көрінуде.
Ауданымыздың жігіттерінен құралған «Жігер» футбол командасы жыл сайын облыс чемпионатында, ауыл спортшыларының «Алтын күз» ойындарында жеңімпаз атанып келсе, бұрымдыларымыз да жаман нәтиже көрсетіп жүрген жоқ. Біздің ауданымыздың арулары Жансая Көпжан мен Құндыз Қожахмет Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Еуропа біріншілігінің іріктеу ойындарына қатысты. Қазалы футболының түлектері Дәуренбек Тәжімбетов пен Бекжан Әбдірахман «Атырау» командасының құрамында Қазақстан Премьер Лигасында доп теуіп жүргендері де біз үшін үлкен мақтаныш.
Өткен жылы қайта құрылған аудандық футбол федерациясы да туған жердегі аяқ допты жаңа деңгейге көтеру үшін оңтайлы жұмыстар жүргізуде. Футболдың шынайы жанашыры Фердоуси Қожабергенов басқаратын федерация аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп биыл алғаш реет футболдан аудан біріншілігін ұйымдастырды. Бұған дейін екі реет кіші футболдан аудан біріншілігін өткізді. Ауданымызда футболға деген қызығушылық жоғары деңгейде. Оны аудан біріншілігіне қатысқан командалардың санынан-ақ байқауға болады.
Жақында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев федерация құрамын қабылдап, футболдан облыс біріншілігі мен «Алтын күз – 2017» спартакиадасында топ жарған спортшыларды айтулы жеңістерімен құттықтады.
Аудан басшысы бүгінде елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша назар аударылып, спортты дамыту мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының біріне айналғандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Мұрат Нәлхожаұлы қайта құрылған аудандық футбол федерациясының жаңа құрамының жұмысына оң бағасын беріп, «Алтын күз» спартакиадасы мен облыс біріншілігінің жеңімпаздарына алтын медальдарын табыстап, «Алғыс хатпен» марапаттады.
Басқосуда сөз алған аудандық футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергенов ұйым тірлігіне тоқталып, бүгінгі күнгі футболдан аудан біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мақтанышпен тілге тиек етті.
– Аудан біріншілігі осы жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында өтті. Турнирге «Энергомера», «Жалын», «Эволюшн», «Қазалы», «Жанқожа батыр», «Әмір», «Орда» және «Сақшы» командалары екі айналымнан тұратын біріншіліктің қызықты да тартысты өтуіне атсалысты. Аталмыш топтарды дайындап, тұрақты демеушілік танытқан ел азаматтары Бекетай Мұқашев, Нұртай Аманов, Болатбек Ахметов, Сәбит Өтегенов, Берік Сүлейменовтердің есімін атап өтсек артық болмайды. Қазалы қаласы мен «Жалын» командаларында епті де ширақ ойын көрсеткен жастарға ағалары Біржан Медетбаев пен Жандосбек Нәбиев жанашырлық таныта білді.
Турнир бірнеше айға созылатын ауқымды жұмыс болғандықтан, оны ұйымдастыру да оңайға соқпайтыны белгілі. Осы орайда әрбір тур сайын ойыншыларды тіркеуден бастап, төрелік ету мен ресми нәтижелерді рәсімдеу сияқты көзге көрінбейтін, бірақ маңызды шараларды атқаруды бүгін марапатталып отырған аудан құрама командасының мүшелері абыроймен атқарып шықты.
Сонымен қатар, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне көмек көрсеткен аудандық аурухана, аудандық емхана, «Қазалы» және «Тұран Қазалы» газеттері, «Серік ТВ» телеарнасы, «Қазалы Көркем Сервис» ЖШС және Алмат Қыстаубаевқа алғысымыз зор, – дей отырып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.
Аудан біріншілігінің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған «Энергомера» коман-дасының ойыншыларына Кубок, медальдар мен 150 мың теңге ақшалай сыйлық тапсырылды. Ал, екінші, үшінші орындарға қол жеткізген «Жалын», «Эволюшн» командаларына да кіші кубок, медальдармен қатар, 100 мың, 70 мың теңгеден үлестірілді. Сонымен қатар, турнир барысында үздік өнер көрсеткен спортшылар арнайы номинацияларға ие болды.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.
12 желтоқсан 2017 ж. 2 557 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 57

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031