Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талпынысы тамаша Жолдауды теміржолшылар қолдайды.

Талпынысы тамаша Жолдауды теміржолшылар қолдайды.

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңіндегі дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауын түсіндіру және кеңінен талқылау мақсатында "Қамқор-Локомотив" ЖШС Қазалы Локомотив жөндеу зауыты мен "Қазалы-Келешек" ЖШС-інде еңбек ұжымымен кездесу болып өтті.
Кездесуге "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарыҚасқырбек Өмірзақұлы Мәмбетжан, "Қазалы-Келешек" ЖШС директоры Талғат Әзімжанұлы Әліпбаев, "Қамқор-Локомотив" ЖШС Қазалы Локомотив жөндеу зауытының бас инженері Раманқұл Алипов, теміржолшылар ұжымы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барасында сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы: "Елбасының ел алдына қойған жаңа мақсаттары замана көшінен тыс қалмай, әлемдік аренадағы айбынды дамуымызды әрі қарай жылдамдатуды көздейді. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында реформалар жүргізілуде. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруы басталды. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы да қабылданды. Ел ішінде адами капитал сапасын арттыру арқылы руxани жаңғыруды жүзеге асыра отырып, цифрлық әлеуметтік-экономикалық дамуымызды күшейтсек, мемлекеттігіміз де нығая түсетіні анық. Осылайша, Қазақстан Жолдауда жүктелген тапсырмалар мен жоспарларды жүзеге асыру арқылы "Мәңгілік Ел" идеясында көзделген мақсаттарына қол жеткізуі тиіс. Бұл жолдау əрбір тұлғаны жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға жетелейді. "Төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" – еліміздің жаңа белестерге көтерілуінің нақтылы бағдарламасы. Саясаты сарабдал еліміздің қазынасы қыруар,болашағы баянды болады деген сенімдіміз."-деді.
Сондай-ақ теміржолшылар ұжымы Көшбасшымыздың Жолдауын қолдап, ондағы міндеттерді іске асыруға көп болып жұмыла жұмыс жасайтындарын жеткізді.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.
22 қаңтар 2018 ж. 1 656 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 57

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031