Елбасы Жолдауы – дамудың тірегі
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан xалқына Жолдауы жарияланды. Бұл бізді жаңғыру жолына жетелеп,ел рухын көтеріп,еңсемізді тіктеді. Міне, бүгін еліміздегі ақпарат құралдары "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Елбасы Жолдауын таратып жатыр. Талпынысы тамаша, шарықтауының шегі жоқ бағдарламалық құжатпен танысып шықтым.
Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолында келеді. Елбасының ел алдына қойған жаңа мақсаттары замана көшінен тыс қалмай, әлемдік аренадағы айбынды дамуымызды әрі қарай жылдамдатуды көздейді. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам «Ұлт жоспары» аясында реформалар жүргізілуде. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің үшінші жаңғыруы жүргізілді. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар атқарылуда. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы да қабылданды. Ел ішінде адами капитал сапасын арттыру арқылы руxани жаңғыруды жүзеге асыра отырып, цифрлық әлеуметтік-экономикалық дамуымызды күшейтсек, мемлекеттігіміз де нығая түсетіні анық. Осылайша, Қазақстан нақты белгіленген тапсырмалар мен жоспарларды жүзеге асыру арқылы "Мәңгілік Ел" идеясында көзделген мақсаттарына қол жеткізуі тиіс.
Биылғы Жолдау əрбір тұлғаны жауапкершілікке шақырып, жақсы бастамаларға жетелейді. "төртінші өнеркəсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" – еліміздің жаңа белестерге көтерілуінің жарқын бағдарламасы. Біздің бәріміз Жолдаудағы аталған он тапсырманы орындауға күш салуымыз керек. Міне, алдымызда тұрған мерейлі мақсат осы. Бұлар түсінікті әрі айқын. Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік. Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы бөліністі нақтылай түсті. Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық. Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады.
Біз жаңа заманға сай болу үшін төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек. Саясаты сарабдал елдің қазынасы қыруар,болашағы баянды болады деген сенімдеміз.
Қасқырбек МӘМБЕТЖАН,
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары.