Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңашылдық жетістікке жеткізеді

Жаңашылдық жетістікке жеткізеді

Жастар тәрбиесі – қоғамның ең өзекті мәселесі. Өскелең ұрпаққа ұлағатты тәлім беру мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды саланың бірі. Қазақстанда биылғы жыл Жастар жылы болып жарияланды. Елбасы ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.
Ел Президенті: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім алған ел азаматының әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман бола алатын деңгейге көтерілуі болып табылады. Біз елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз», – деп атап өтті. Мемлекет болашағы жастарда, сондықтан студенттерге тек білім беріп ғана қоймай, тербиелі, дені сау, егемен елдің дамуы мен өркендеуі жолында талмай еңбек ететін азамат етіп қалыптастыруды нақты міндет етіп қойылды.
Шын мәнінде, жастар – елдің негізгі күші. Оның басты стратегиялық кадрлық ресурсы. Бүгінгі таңда Қазақстанда жастардың саны 4,2 миллионнан асады, яғни олар халықтың 25 процентін құрайды деген сөз.
«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының Заңы» 2004 жылғы 7 шілдеде қабылданды. «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жас­тар саясаты туралы Заңын жетілдіру мәселелері және «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының» жобасы қарастырылды. Биыл Жастар жылы аясында елде алғаш рет жастарға жүйелі түрде қолдау көрсетудің кешенді шаралары қабылданып отыр.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей жылдам өзгермелі жаһандану үрдісінің қозғаушы күші білім мен ғылымды, жаңа технологиялар мен ақпараттарды жетік игерген адами капиталы жоғары мемлекеттер еншісінде. Аталмыш бәсекеде елдің ересек топтарына қарағанда жастардың инновациялық әлеуеті, тез қабылдағыш зейінділігі, бастамашылдығы мен белсенділігі қоғам дамуының алғышартына айналып келеді. Бұл біздің мемлекетіміз үшін де заңды құбылыс.
Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларын жастар арасындағы білім алу, оның ішінде еңбек нарығындағы сұранысқа сай мамандықты игеру, жұмысқа орналасу, қылмыстың алдын алу сынды өзекті мәселенің толықтай шешімін табуға бағытталған құжат ретінде қарастыруға болады. Онда: «Біздің жолымыз ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы. Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәні де дәл осында», – деп аталып өтуі тегіннен-тегін емес. Осы тұста жастар мен жасөспірімдерді тұрғылықты жері бойынша бос уақытын тиімді өткізуге, қазақстандық патриотизммен тәрбиелеуге бағытталған «Аула клубтары» жобасының пайдасы көп. Мыңдаған жасөспірім мен жастарды, балаларды ортақ қызығушылықтары мен ынтасына қарай біріктірген түрлі мәдени және спорттық үйірмелер елдегі жүздеген ұлттың ұрпағын бірлік пен достыққа біріктіруде. Олардың әрбір жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері ортақ жеңісіміз.
Елдің ауызбіршілігі мен ынтымағы басты мұратымыз. Осы ретте Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен мәніне тоқтала келе: «Ел» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар. Өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін ең жақын және өзіне тартушы құндылық болған және болып қала береді», – деп «Мәңгілік ел» идеясының біріктіруші күші халықтың өз Отанына деген сүйіспеншілігінен бастау алатындығын атап көрсеткен болатын.
Ел қоғамдық сананың өзгеруімен қатар жүретін Үшінші модернизацияны бастан кешуде. Бір кездері бабаларға арман бол­ған, аталардан аманатқа қалған аңызды ақиқатқа айналдыратын «Мәңгілік ел» идеясы ұлт мұраты болып, келешек ұрпақты ізгі ниетке жетелейді. Осы ұлы мұратты жүзеге асырсақ, баба алдындағы қарызымыз бен бала алдындағы парызымыздың өтелері айқын. Қазақстан әлемдегі алып елдердің қатарынан өз орнын алса, ұландары ел мен жердің иесі болатындай намысты болып же­тілсе, ұлттық құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырса, «Мәңгілік елдің» болашағы баянды, келешегі нұрлы болары белгілі.
Дамыған елу елмен иық теңестіріп, бәсекеге қабілетті отыз елдің ортасынан ойып орын алуға ұмтылудамыз. Мемлекеттік саясаттың тірегі – халықтар достығы, ел бірлігі, қоғам тұтастығы. Осы үш тұғыр бекем болса, «Мәңгілік елдің» шаңырағы да биік болады. Бұл болашақтың жобасы, сондықтан ол ұрпақтар сабақтастығымен жалғасатыны ақиқат.
Мәңгі ел болуға бет алған қазақ елінің отаншыл жастары болашаққа үлкен сенім білдіре отырып, ұлтының өсіп-өркендеуіне ықпал ететін, өркениетті ел азаматы болуға дайындалуда. Сондықтан, біз алдымызға нақты міндет қоя отырып, мықты да бәсекеге қабілетті «Мәңгілік Қазақстанды» құру үшін аянбай тер төгетін жастарды тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Елдің студент жастары «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында бүкіл Қазақстандық жастарды біріктіру мақсатында республикалық «Мәңгілік ел», «Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігін құрды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының студенттері аталған қоғамдық бірлестік аясында көптеген игі істерді жүзеге асыруда.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев әр жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында саламатты өмір салтын сақтау, дене тәрбиесі мен спортты дамыту мәселесін назардан тыс қалдырған емес.
Жастардың дамуына барлық жағдай жасалған, олардың мемлекет өміріне қатысуына да ерік берілген. Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту азаматтыққа тәрбиелеу және отандық патриотизм сезімін нығайту нақты белгіленген. Сондай-ақ, қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту мен денсаулық сақтау және нығайту назардан тыс қалмаған.
Биылғы жыл – жаңа патриотизм моделін өрістететін, ұрпақ тәрбиесінде ерекше рөлге ие болатын жыл. Мемлекеттің бір бөлшегі, біртұтас қоғамды құруға атсалысатын, болашақтың алтын кілтін иеленетін саналы ұрпақты қалай тәрбиелейміз, бұл маңызды шара. Мемлекет басшысы инновациялық жобаларды өмірге әкелу мақсатында Үкіметке зайырлы бағдарлама қабылдауды тапсырды.
Қазіргі таңда білімді адам болу үшін бірдеңе білу және істей алу жеткіліксіз. Жаңа технологияға ілесіп отыру өмірлік қажеттілікке айналды. Сондықтан Жастар орталығында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, уақытты тиімді пайдалану, патриоттық пен азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдық-саяси идеология бағытындағы «Студенттік кеңес», «Мәңгілік ел» қоғамдық жастар бірлестігі, «Қазақстан студенттер альянсы», «Жас Отан» жастар қанаты, «Ақиқат» пікір-сайыс орталығы, «Достық» клубы, еңбекке баулу бағытындағы «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары» жұмыстарын одан әрі жетілдіре беру тиімді. Біз аға буын жастардың жаңа, тың идеялары мен жобаларына қолдау білдіретін боламыз.
Ібайдулла ТІЛЕП,
облыстық мәслихат депутаты,
«Тілеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
19 ақпан 2019 ж. 2 328 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930