Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа биіктерді бағындыру міндетін айқындады

Жаңа биіктерді бағындыру міндетін айқындады

Елбасының 5 қазандағы халыққа Жолдауы халқымыздың тұрмыстық хал-ахуалын ұлғайтуға бағытталған бағдарлама болды және әлеуметтік-экономикамыздың одан әрі дамуына серпін берері сөзсіз.
Мемлекет басшысының Үкіметке жүктеген әрбір тапсырмасының арғы жағында халқына деген қамқорлық жатыр. Ең төменгі жалақыны көбейту, мұғалімдерге, дәрігерлерге, азаматтық қызметшілерге қолдау көрсету - тұрғындар үшін нақты көмек деп білемін.
Жолдауда жалпы халық тұтынатын тауарлар шығаратын кәсіпорындарды қолдау туралы сөз қозғалды. Бұл дегеніміз Қазақстанда шығатын кез-келген қарапайым тауарды өзіміз тұтына отырып, қарапайым тауарлар экономикасын дамыту. Барлығымыз импорт кигенді, пайдаланғанды жақсы көретініміз рас. Елбасы импортқа тәуелділікті азайту үшін ел ішіндегі тауарлар өндірісін біртіндеп ұлғайту керектігін айтып, алдағы үш жылда өңдеуші өнеркәсібін қолдауға қосымша 500 млрд. теңге бөлуді айтты.
Парақорлықты азайту үшін бизнесте қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шараларын жүргізуді, "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын 2025 жылға дейін созуды, мұғалім мәртебесін көтеруді, білім беру бойынша үш ауысымды мектептер мәселесін шешуді, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтауды жүктеді. Мұның барлығы халықтың тұрмыстық жағдайын, әл-ауқатын көтеруге жасалатын баянды істер деп білемін.
Сәнімкүл Күлікбаева,
«Қазалы Ынтымағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
12 қазан 2018 ж. 1 015 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930