Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жігерлендірген Жолдау

Жігерлендірген Жолдау

Жылдағы қалыптасқан дағдымен Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауынан көп үміт күткен едік.Үмітіміз ақталды. Елбасымыз бұл жолы да көпшіліктің көкейіндегі ой – ұсыныстарды тамыршыдай дөп басқан. Мәселен, 2019 жылдың қаңтарынан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көтерілмекші. Бұл үшін келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінетін болады. Учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтеріледі.Сонымен қатар, әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылып, жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту көзделуде.
Мұнымен қатар, Елбасы өзінің Жолдауында халықтың экономикалық белсенді әрі әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға баса назар аудағаны мәлім. Осы орайда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Үкіметке келесі жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе арттыруды тапсырды. Осылайша мұғалімдер мен дәрігерлердің, құқық қорғау, қорғаныс органдары қызметкерлерінің жалақысы 35%-ке көтерілетін болады. Сондай - ақ балабақша тәрбиешілері, өзге де қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесі қайта қаралмақшы.Алдағы жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданатын болды.
Жастар өкілдеріне де Жолдау керемет жаңалық сыйлады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялауы,соған орай ауқымды шаралар ұйымдастыруды әкімдіктерге тапсыруы, әсіресе «Жастардың отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс» деп қадап айтуы жалын жігерлі жастардың ертеңгі күнге деген сенімін еселей түсті.
Жолдауда ауыл шаруашылығы саласын онан әрі жандандыру, отандық өнімдерге басымдық беру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту, туризмді өркендету туралы да ұғынықты айтылған. Қорыта келгенде, Жолдау жұртшылықтың тілегімен тығыз үндесіп тұр.
05 қазан 2018 ж. 1 197 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930