Жолдаудан әрдайым тың бастамаларды күтеміз
Мемлекет басшысының жыл басынан бері екінші мәрте халыққа арнаған Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Қазақстан халқының хал-ахуалын жақсартуға бағытталған. Жолдаудан әрдайым тың бастамаларды күтетініміз жасырын емес. Бұл жолғы Жолдауда айтылған мәселелер де көңілімнен шықты.
Алдымен, Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл өз кезегінде барлық салада жұмыс жасайтын бір жарым миллиондай адамдардың жалақысын ұлғайтады екен. Жалақының көбеюі кім-кімге де қуаныш сыйлары хақ.
Сондай-ақ, еліміздің жетекші салаларының бірі - білім саласындағы кемшіліктерді сынап, мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы айтты. Еліміздің кейбір жерлерінде үш ауысымда оқып жатқан мектептердің мәселесін шешу үшін алдағы уақытта бюджеттен қаржы қаралатын болды және Назарбаев Университетінің үлгісімен аймақтық жаңа жоғары оқу орнын құру, жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізуді тапсырды.
Сонымен бірге Президент 2019 жылдың басынан науқастарды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 5 жылға созып, бизнесті өркендетуді, қолма-қол ақшасыз экономика жасауды, инвестиция қорын құруды, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс екендігін атап өтті.
Елбасы Жолдауындағы бағыттардың бірі – еліміздегі мүгедектігі бар жандарға тағы бір назарын бөлуі. Ол бағдарламада Елбасымыз мүгедектігі бар жандарға әр қалада, әр облыста, әр ауылда қоғамдағы басқа азаматтармен бірдей жағдай жасау туралы айтты. Елбасы қамқорлығынан мүмкіндігі шектеулі жандар рухтанып, қоғамға, ортаға белсенді түрде араласып, жұмысқа орналасып, білім алып, жақсы өміруді жалғастыратынына сенімдімін.
Ботабай РЫСТЫҒҰЛ,
Қазалы аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі.