Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлердің бағдарламасы ұзартылды

Кәсіпкерлердің бағдарламасы ұзартылды

Біз Жолдауды жыл сайын жыл соңында немесе жыл басында тыңдауға үйреніп қалғанбыз. Бүгінгі Жолдау бір жағынан күтпеген жаңалық болды. Дегенмен, көтерілген мәселелер еңсемізді көтеріп тастады. Ерекше көңілден шыққан бірнеше мәселеге тоқталып өтсем: халықтың әл-ауқатын көтеруге қатысты өте керемет жаңалық - ең төменгі жалақының 29 мыңнан 42 мыңға өсуі, бюджеттік сала қызметкерлері, әсіресе біз ұдайы айтып келе жатқан ұстаздар мен дәрігерлердің, халыққа қызмет көрсететін өзге де бюджеттік сала қызметкерлері айлығының 35 пайызға өсетіндігі.
Ал кәсіпкерлерлік саласына қатысты, біз үшін көптен күткен жақсы жаңалық - 2019 жылдан бастап бизнес өкілдері үшін салық амнистиясының енгізілетіндігі. Яғни енді кәсіпкер салықтан негізгі қаржысын төлесе, айыппұл мен өсімпұлын төлемейтін болды. Бұл кәсіпкерлер үшін таптырмас қолдау.
Сондай-ақ, Елбасы Жолдауда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылып, жыл сайын 30 млрд.теңгеден қаржының бөлінетіндігін айтып, бізді қуантып тастады. Бұл дегеніміз жаңа жұмыс орындары, жаңадан ашылатын кәсіпкерлік нысандары.
Мәселен, «Бизнестің жол картасы» қабылданған 2010 жылдан бері біздің облысымызда жалпы құны 55,73 млрд.теңгені құрайтын 1332 жоба мақұлданған. Оның ішінде осы жылдың өзінде жалпы құны 4,1 млдр.теңгені құрайтын 335 жоба қаржыландырылып отыр. Бағдарлама қабылданған 8 жылдың ішінде 9081 жұмыс орны сақталып, жаңадан 4446 жаңа жұмыс орны ашылды.
Мемлекет басшысы Жолдауда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға арналған аталмыш бағдарламаның 2025 жылға дейін ұзартылуының нәтижесінде республика көлемінде тағы да қосымша 22 мың жұмыс орны ашылатындығын айтты. Бағдарламаның кәсіпкерлерді қолдап қана қоймай, халықты жұмыспен қамтуда да маңызы ерекше. Жолдау бізге осынысымен де құнды.
Мұнан өзге, Мемлекет басшысының Жолдауда жергілікті тауарөндірушілерді қолдау, өнім өндіретін кәсіп иелерінің тауарларын кеңінен қолдануға шақыруы да біздің кәсіпкерлердің жұмысына жаңа дем, леп берері сөзсіз.
Жалпы бүгінгі Жолдауда жаңалықтар өте көп болды. Енді сол алға қойған міндеттерді мемлекеттік органдармен бірге жүзеге асыруымыз ғана керек. Ең бастысы қолдау бар. Тек нәтижеге жұмыс жасауымыз қажет.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

05 қазан 2018 ж. 1 111 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930