Індетке қарсы қауырт істер
Қазіргі таңда әлем халқымен бірге қазақстандықтар да дүрбелең сәтті бастан кешуде. Өйткені біршама уақыт бойы билік басындағылар індеттің таралуына тосқауыл бола алғанымен, коронавирус біздің елді де айналып өткен жоқ. Бүгінде мемлекеттің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ауру жұқтырғандар тіркелді. Президент осы жағдайға байланысты елде төтенше жағдай жариялап, халықты сабырға шақырған Үндеу жариялады. Бірлесе атқарылып жатқан кешенді шаралардың арқасында әзірге аудандағы ахуал тұрақты.
Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы коронавирустың алдын алу мақсатында аудан бойынша тиісті жұмыстар қолға алынғанын жеткізді. Аудан аумағына коронавирусты инфекциясының әкелінуі мен оның таралуын болдырмау жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды үйлестіруге арналған комиссия құрылды.
Аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов төрағалық ететін комиссия құрамында Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Гүлжихан Нысанова, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Гүлсім Имандосова, Ғалымбек Баймаханов, Сейілхан Артықбаев, Сәбит Арынов, Бектұр Қали, Әліби Әбиев, Алтынбек Қалиев, Серік Ердалиев, Гүлмира Сейіл, Сақып Ақбаева, Ақтілеу Бөріқұлақов, Сапарбек Қуатов, Қаһарман Серікбай, Майра Ршымбетова бар.
Бүгінгі таңда Қазалы ауданаралық ауруханасының №2 ғимаратынан 50 адамға арналған оқшаулау орны жасақталды. Елдегі төтенше жағдайларға байланысты ауданда адам көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынды.
Төтенше жағдай жарияланған кешегі күннің өзінде аудан басшысы комиссия мүшелерін шақырып, бірнеше мәрте кеңес өткізген. Онда жергілікті сауда орындарындағы азық-түлік мөлшерін тұрақтандыру, оның бағасын ретсіз өсіруге жол бермеу мәселелері қаралған. Сонымен бірге қазір тапшылық көрсетіп жатқан медициналық маска мен антисептикалық сұйықтықпен аудан тұрғындарын жеткілікті түрде қамтамасыз ету қолға алынған. Аталған қиындықты жою үшін Әйтеке би кентінде орналасқан “Nur-Med” дәріханалар желісі 10 мың дана бетпердеге тапсырыс беріп қойған. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы бұл мәселе бірер күнде шешілетінін айтып отыр. Бұдан бөлек адам көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен көліктер, автобекеттерге дизенфекциялау жұмыстары жедел атқарылуда.
Желідегі алып қашпа әңгімелер мен дәлелсіз ақпараттар көпшілікті одан әрі үрейлендіріп отырғаны белгілі. Осы орайда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев өзінің фейсбук парақшасында жазба қалдырып, тұрғындарды қобалжымауға шақырды.
– Біріншіден жеке бас гигиенасын сақтап, қолымызды үнемі сабынмен жуып, мүмкіндік болса спиртпен сүртіп отырған артық болмайды. Екіншіден адам көп жиналатын той-жиындарға баруды уақытша тоқтата тұру қажет. Елдегі жағдай жақсарғанша медициналық маска тағып жүрген дұрыс.
Қоғамдық көліктер мен сауда орындарының иелері, балабақша меңгерушілері дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу керек. Бұл аурудың алдын алудағы маңызды шара деп ойлаймын, – деді ол.
Қалай болғанда да осы сәтте бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жеке бас гигиенасын сақтап, профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізуден артық тірлік жоқ. Ауру ошағының өзінде мыңдаған адамның аталған дерттен айығып кетіп жатқанын да ұмытпаған абзал. Құзырлылар сырқат белгілері байқалған адамдардың дереу өзі тұратын аумақтағы дәрігерлерге қаралу қажеттігін ескертеді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ