Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұны кез келген жынды біледі

Мұны кез келген жынды біледі

Әншейін бір әуезе

Бастауыш сыныпқа барған біздің бала тест тапсырыпты. Бүкіл сыныппен бірге Апайы берген тест қағазын алып, он сұрақтың жауабын бес минутқа жеткізбей зу еткізген ғой. Ол жағынан әкесіне тартыпты.

"Апай, мен болдым" деп қағазды апарып береді. Мұғалімі қараса тестің ең соңғы сұрағына қатысты жауапты белгілемепті. Басқасын дұрыс тапқан.

-Соңғы сұрақтың жауабын көрсет,- деп Апай қағазды қайта ұлға береді.

Ұл отырады да енді тест қағазына бірдеңе жаза бастайды. Басқа сұрақтарға қатысты әрбір төрт жауаптың бірін түрте-түрте салған баланың еңді соңғысына жауап жазып жатқаны Апайға қызық болады. Жазарын жазып, біздің ұл парақты апарып берген. Апайы оқыса:

"Күзде ағаш жапырақтарының түсі қандай болады?" деген сұрақтың жауабындағы: "ақ", "көк", "сары", "қара" деген төрт нұсқаның ешбірін белгілемей, "мұны кез келген жынды біледі" деп жазыпты. Әншейін, кешелі-бері осы еске түсіп күліп жүрміз.
Қайнар Олжай
Фейсбуктегі парақшасынан
28 қараша 2018 ж. 1 166 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 101

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 105

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 77

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031