Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Суды тұрып ішудің зияны қандай?

Суды тұрып ішудің зияны қандай?

Сүннет бойынша, суды отырып ішкен дұрыс. Кейбіреулер мұны түсінбей: «Асты, жарайды, отырып ішеміз, ал суды тұрып ішсе не болады?» деген сұрақ қоюы мүмкін. Бұл сұрақтың жауабын келесі хадистерден табамыз: «Ешбірің түрегеліп тұрып сусын ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып кетіп, түрегелген бойда сусын ішсе, онысын ақтарып тастасын» (Муслим, әшрибә 116) (Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен). «Суды түйе секілді бір деммен сімірмеңдер. Су ішкенде екі немесе үш рет тыныс алған абзал. Сондай-ақ, «бисмилләһ» деп бастап, ішіп болған соң «әлхамдулиллаһ» деп Аллаға шүкіршілік білдіріп, мадақ айтыңдар» (Тирмизи, әшрибә 13). Мұнымен қоса, ғалымдар отырған адам мен тұрған адамның асқазанының екі түрлі күйде болатынын анықтады. Егер адам суды тұрып ішсе, су асқазанда тұрақтамай, бірден он екі елі ішекке барады. Ал отырып ішсе, асқазанға түскен сұйықтық қышқылдармен әрекеттесіп, түрлі микробтардың теріс әсеріне тосқауыл қояды. Содан соң ғана он екі елі ішекке барады. Осылайша адам өзін түрлі аурулардан (жұқпалы аурулардан да) сақтайды.

10 қараша 2018 ж. 1 730 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 120

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 122

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031