
Жұрттың бәрі Головкиннен сескенеді
Генадий Головкин есімі жер жүзіне мәшһүр әлемдік деңгейдегі мықты спортшылардың бірі. Қазақтың сары баласы атанып кеткен кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жайлы сөз қозғағанда оның мықтылығын әңгімеге арқау ететініміз жасырын емес. Қарағандыда 1982 жылдың 8 сәуірінде өмірге келген боксшы биыл 36 жасқа толады...