Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс нысандары – басты назарда

Құрылыс нысандары – басты назарда

Жуырда облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен бірге аудандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.
Бахыт Дүйсенұлы алдымен аудандағы ауқымды құрылыс нысандарының бірі - Қарлан көпірінің құрылыс жұмыстарын көрді. Мердігер мекеме «НұрлыТау ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапты өкіліне құрылыс жұмыстарының сапасына аса мән беріп, белгіленген мерзімде аяқталуын ескертті. Бүгінде көпір құрылысының бетонтіреулерін құю жұмыстары жүргізілуде.
Көпір құрылысынан кейін Қожабақы ауылында «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді. Спорт нысанының құрылысы мамыр айында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Айта кету керек, аталған жоба аясында аудан орталығы – Әйтеке би кентінде де спорт кешені салынуда.
Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапары барысында аудан орталығындағы жөндеу жұмыстары жүргізілген Әйтеке би көшесі мен теміржол вокзалы аумағын абаттандыру жұмыстарын көрді. Кенттің орталығындағы Әйтеке би көшесіне мердігер мекеме «СтроймодульАстана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылы қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіген болатын. Алайда жол құрылысының сапасыз жасалуы салдарынан қазіргі таңда орталық көшенің сапасы сын көтермейді. Осыған сәйкес, Бақыт Дүйсенұлы мердігер мекеменің жауапты өкілін қатаң сынға алып, анықталған кемшіліктерді мердігер мекеменің өз қаражаты есебінен шұғыл түрде қалпына келтіруі тиіс екендігін ескертті. Аталған көшенің жөндеу жұмыстары аймақ басшысыныңда тікелей бақылауында екенін айтып, жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау керектігін айтты.
2025 жылы «СтроймодульАстана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі теміржол вокзалы аумағын абаттандыру жұмыстарында бастаған болатын. Бахыт Дүйсенұлы мердігерлерге вокзал алдындағы абаттандыру жұмыстары бойынша да бірқатар кемшіліктерді шұғыл қайта жөндеу жөнінде тапсырма берді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
17 наурыз 2026 ж. 30 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 22

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 16

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 30

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 30

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 32

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031