Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте балмұздақтан улану оқиғасымен полиция айналысады

Шымкентте балмұздақтан улану оқиғасымен полиция айналысады

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасыра балмұздақтан уланған 41 адамның жатқызылу оқиғасын полиция тергеп-тексереді. Бұл туралы ОҚО ІІД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтық тілшісі.
Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан Әл-Фараби аудандық ІІБ полиция бөліміне 41 адамның балмұздақтан уланып, жатқызылғаны туралы хабар келіп түскен.
«Аталған факт Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне "Санитарлық ережелерді және гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалып, полицейлер болған жайттың себептерін анықтап жатыр», - делінген ОҚО ІІД таратқан хабарламада.
Бұған дейін облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Жұмағали Медетов уланған адамдардың барлығы "Южное" кафесінің дүңгіршегінен алынған балмұздақты жегенін айтқан болатын.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі уланған адамдардың барлығы жеке кәсіпкер М.Ишмұратоваға тиесілі Республика даңғылында орналасқан сауда нүктесінен жеміс дәмдес балмұздақ жегенін хабарлады. Қазір аталған балмұздақ сататын сауда орнын тәртіп сақшылары оқшаулап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Baq.kz
31 наурыз 2018 ж. 1 727 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 55

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031