Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абысын-ажындар байқауы өтті

Абысын-ажындар байқауы өтті

Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптеу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан өнер сабақтастығын насихаттау мақсатында Қазалы қалалық мәдениет үйі мен қалалық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Абысын тату болса…» атты абысын мен келін арасындағы жұптық байқау өтті.
Шараны қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, «Семей-Невада» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірбек Күлімбетов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауға қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы мен «Ғибрат» әжелер мектебінің мүшелері – Дана Сабырова, Күләш Бисенова және Жаңабике Ибайдуллаева қазылықетті. Сайыс үш кезең бойынша өтіп, әр қатысушының өнерін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.
Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, жеке ерекшеліктері мен бойындағы дарындарын ортаға салды. Екінші кезеңде абысыны мен келіні жұп болып өнер көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін байқатты. Ал ақырғы кезеңде қатысушылар ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдарды дайындап, қазылар алқасына ұсынды. Бұл кезең ұлттық салт-дәстүр мен аспаздық өнерді үйлестіріп, көрерменге ерекше әсер қалдырды.
Байқау қорытындысы бойынша бірнеше номинацияларда жеңімпаздар анықталды. «Дана абысын, Жаңашыл келін» номинациясын Қазалы аграрлы-техникалық колледжінен қатысқан абысын Ғазиза Таңжарықова мен келіні Арайлым Өмірзақ иеленді. «Өнегелі абысын, Инабатты келін» номинациясы №1 «Ақерке» бөбекжай-балабақшасының абысыны Айжамал Нұрсейітова мен келіні Фариза Тулегеноваға бұйырды. «Мейірімді абысын, Өнерлі келін» номинациясын Қ. Нұрмаханов атындағы №95 мектептің абысын Наталия Баркова мен келіні Айдана Аралбаева жеңіп алды. Ал «Жаңашыл абысын, Шебер келін» номинациясын М. Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің абысын Гүлбарам Жауғашарова мен келіні Әлия Тілеуқабылова қанжығалады.
Бұл байқау «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Жанұя шуағы» жобасы аясында, Наурызнаманың онкүндігінде ұйымдастырылып, қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен отбасы құндылықтарын дәріптеудің жарқын көрінісіне айналды.

А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
17 наурыз 2026 ж. 25 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 23

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 21

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 30

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 32

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 32

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031