Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз келді, құт келді

Наурыз келді, құт келді

Наурыз дәстүрлік құндылықтардың жаңғырып, шаттық пен береке, бірлік пен татулықтың ұлықталатын кезі. «Гауһар-Тас-2» балабақшасында наурызнама онкүндігі аясында Көрісу күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Бұл күні ата-бабамыздан келе жатқан ізгі амалмен балаларымыз ата-аналарды жылы қарсы алып, көрісу рәсімін көрсетті.
Балаларға ұлттық салт-дәстүрімізді таныстыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу және қазақ халқының өнегелі жолын насихаттайтын құндылықтарын дәріптеуді мақсат тұтқан шарада тәрбиеленушілер «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!» деп көрісіп, ұлттық дәстүрдің мән-мағынасын түсінуге мүмкіндік алды. Ән, тақпақтар айтып, келген ата-аналармен бірге жылы жүздесіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ата-аналар да бұл тәрбиелік мәні зор өнегеге ризашылықтарын білдірді.
Осындай ұлттық құндылықтарға негізделген іс-шаралар арқылы балабақшамызда жас ұрпаққа салт-дәстүрімізді құрметтеу, ұлттық рухта тәрбиеленуге үлкен мән беріледі.
– Қайырымдылық күніне орай игі іс-шара ұйымдастырылды. Балабақша ұжымы мен ата-аналардың бірлесе қолдау көрсетуінің нәтижесінде көмекке мұқтаж үш отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.
Шараның негізгі мақсаты – балаларға мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін дарыту, қайырымдылық пен қамқорлықтың маңызын түсіндіру, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту. Сонымен қатар, ата-бабамыздан келе жатқан жақсылық жасау дәстүрін жалғастырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу көзделді.
Бұл игі іске балабақша қызметкерлері мен ата-аналар белсенді атсалысып, өз үлестерін қосты. Нәтижесінде отбасыларға қажетті азық-түлік жеткізіліп, олардың қуанышына себеп болды.
Бірлік пен ізгілікті насихаттайтын мұндай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
Тұрсынай ЕШМАҒАНБЕТ,
балабақша меңгерушісі
17 наурыз 2026 ж. 128 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031