Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазір банкке барудың қажеті жоқ - Смоляков кешірілетін несиені түсіндірді

Қазір банкке барудың қажеті жоқ - Смоляков кешірілетін несиені түсіндірді

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ауыр өмірлік жағдайда қалған отбасылардың несиесін кешіру туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір банктерге барудың қажеті жоқ, бұл мәселені шешу үшін уақыт керек. Жалпы бұл жұмыс екі айда аяқталуы мүмкін", - деді Смоляков үкіметтің баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қарыз алушыларға банкке жүгінудің қажеті жоқ. Себебі талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлімет алғаннан кейін, Ұлттық банк мемлекеттік бюромен, банктармен қосылып 1 маусымға дейінгі мәліметтерді ала отырып, барлық цифрды салыстырады. Қарыз алушылардың ішінде әлеуметтік көмек алатындардың айыппұлдары мен өсімпұлдары қаралады. Шарт қабылданғаннан кейін Ұлттық банк ретінде біз сомалардың кешірілуін қадағалаймыз. Алдағы уақытта сұрақ туындамас үшін мұның бәрі несие құжаттамада көрсетілетін болады", - деді Смоляков


Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырған болатын. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланған еді. Бұдан бөлек, қазақстандықтардың несие бойынша өсімпұлы кешірілетіні жайлы хабарланған болатын.

27 маусым 2019 ж. 1 791 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 151

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 136

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 147

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30