Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Онлайн-несиелеу саласы қарыз алушылардың мүддесін ескеруі тиіс – «Атамекен»

Онлайн-несиелеу саласы қарыз алушылардың мүддесін ескеруі тиіс – «Атамекен»

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы онлайн-несиелеуге қатысты ҚР Ұлттық Банкінің заңнамалық бастамаларын қолдайды.
Соңғы жылдары Қазақстанның тұрғындары мен шағын бизнес өкілдері онлайн-несиелеу ұйымдарының қызметіне жиі жүгіне бастаған. Әлемдік тәжірибе мұндай кәсіпкерлік қызметке сұраныс артқанын көрсетіп отыр.Еліміз бойынша онлайн-несиелеуде жылдық мөлшерлеме көлемі 1000%(!)-ға дейін жеткен. Алайда жедел несиелеу бойынша қарыз алушылардың құқықтық қорғалуына кепілдік қарастырылмаған. Мәселен, 60 мың теңге көлемінде онлайн-несие алып, оны уақытында өтей алмай, нәтижесінде қарыз сомасын 1,2 млн теңгеге дейін өсіріп алған азаматтар да көп.
Бірінші несие бюросының деректеріне сүйенсек, 2017 жылы елімізде онлайн-несие қызметіне 248 мың адам жүгінген. Алайда қарыз алушылардың көбі шарт талаптарын орындай алмаған. Мұндай тұтынушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде өз мүдделерін қорғай алмайды.
Бұл мәселені шешу үшін Ұлттық Банк онлайн-несие алу бойынша үлкен пайыздарды шектейтін әрі айыппұлдардың көлемін несие сомасынан 10%-ға дейін азайтуға бағытталған заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына жіберді. Өз ұсынысында Ұлттық Банк халықаралық тәжірибеге сай реттеу құралдарын ұсынуда.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы онлайн-несиелеу бойынша әлемдік тәжірибені ескере отырып, несие мөлшерлемесі бойынша шектік мәнді анықтауға қатысты Ұлттық Банктің бастамасын қолдайды.
«Ұлттық Банктің бастамасы, біріншіден, бұл қызметтің көлеңкеге кетпеуіне, екіншіден, халыққа сапалы әрі төмен пайызда қызмет көрсетуге бағытталған», – деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы қаласында өткен Кәсіпкерлердің жыл сайынғы конференциясында.
Сонымен қатар «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері жедел несие беретін ұйымдардың қызметіне ашықтық керек екенін алға тартуда. Бұл өз кезегінде Ұлттық Банк ұсынып отырған шектеулер аясында бизнестін бұл түрінің нарықтағы тиімділігін анықтауға көмектеседі.
«Атамекен» пікірінше тұрғындардың қаржылық сауатталығын арттыруда ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкке кешенді шаралар қабылдау керек. Талдау нәтижесі корсетіп отырғандай, Қазақстан азаматтарының каржылық сауаттылығы корсеткіші 40%-ды құрайды. Бұл Кения, Сенегал, Танзания, Замбия сынды елдердің деңгейіне тең көрсеткіш.
«Тalap» қолданбалы зерттеу ортылығының талдау нәтижелеріне сәйкес, көптеген дамыған елдерде несиелердің пайыздық мөлшерлемесіне шектеу қойылған. Мәселен, АҚШ-та несие берудің жылдық тиімді мөлшерлемесі 36%-дан аспайды. Ал Германияда қылмыстық кодекс талаптарына сәйкес несие көлемінен 2 есе жоғары мөлшерлемеде несие беруге тыйым салынған және мұндай әрекеттер адамдарды табыс табу мақсатында пайдалану деп бағаланады.
www.atameken.kz
25 сәуір 2018 ж. 1 390 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031