Елімізде үй бағасы қымбаттамайды
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков баспана құнының көтерілуіне «7-20-25» бағдарламасы айтарлықтай әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Біз «Нұрлы жер» бағдарламасымен жұмыс істейтін боламыз. Құрылыс ауқымы артады. Инвестиция тартылады, сондықтан сұраныс артып, тұрғын үй бағасы қымбаттап кетеді деген ойдан аулақпыз», - деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков.
Наурыз айының соңына дейін заңнамаға енгізілетін өзгерістер бойынша құжаттар дайындалып, Парламент қарауына ұсынылады. Ол қабылданғаннан кейін жаңа ипотекалық несие тетігі іске қосылады.
«Көктемгі сессия кезінде осы түзетулер қабылданатын болады, ал бірінші жартыжылдықта біз барлық дайындық шараларын аяқтаймыз. Алғашқы пул қалыптасқан соң банктер екінші жартылдықтан бастап жаңа бағдарлама бойынша несиелер беруді бастайды. Әрине, біздің компания – бұл бастаманы іске асыратын еншілес ұйым. Оны жүзеге асырып, осы несиелерді сатып ала алады», - дейді ол.
Baq.kz