Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көгалданлыру – көптің ісі

Көгалданлыру – көптің ісі

Қазақта «Көкті жұлма – көктей соласың» деген сөз бекер айтылмаса керек. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген өнегелі тәмсіл тағы бар. Бұған қарап жайқалған жасыл желектің айналаны көркейтуге, адам денсаулығын жақсартуға тигізер пайдасын байқау қиын емес. Содан да болар, соңғы жылдары елді мекендердегі санитарлық тазалық, көркейту, көгалдандыру мәселесі мемлекеттік саясаттың бір бағытына айналды. Облыс, аудан әкімінің өкімімен жарияланған тазалық маусымына арналған екі айлық ауданда 11 мамыр күні өз мәресіне жетті. Бұл бағытта қазалылықтар мен мекеме қызметкерлері тарапынан атқарылған жұмыстар да орасан.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Аудан көркін арттыруға бағытталған 60 күн ішінде 10 мәрте сенбілік шарасы ұйымдастырылды. Оның әрқайсысына орташа есеппен 3 мыңға жуық адам қатысып, отыздан аса техника жұмылдырылған. Күл-қоқыстан тазартылған 130,4 шақырымдық аумақтағы аяқсу арықтары, көше жиегіндегі бордюрлер қалыпқа келтіріліп, зиянкес­терден қорғау мақ­сатында 23 мыңнан астам ағаш түптері әктелген.
Бұдан бөлек, қазалылықтар арасында жыл сайын ағаш отыр­ғызу үрдісі қалыптасқан. Ұжым қызметкерлері мен ерікті аза­мат­тардың арқасында бір мезгілде ондаған мың көшет отырғызу дәстүрге айналған деуге болады. Оған бүкіл ел көлемінде жүргізілетін ағаш егу акциясын қосыңыз. Мәселен, биыл «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» жобасы аясында Әйтеке би ескерткіші мен Жанқожа баба кесенесі айналасына 5000 түп көшет отырғызылған. Сондай-ақ «Жасыл белдеу» қалыптастыру мақса­тында Қазалы қаласында орналасқан мекемелер бірлесе отырып, ғимараттар ауласына, көшедегі арықтардың жағалауына және Ақтан батыр ауылынан шыға беріс жолдың жиегіндегі 1 гектар аумаққа 2000 түп ағаш көшеті мен қаламшалар еккен.
Биыл жалпы аудан көлемінде жасыл белдеу қалыптастыру жұмыс­тары айрықша қарқын алды. Нәтижесінде бүгінгі күні 70 гектарға жуық аумақ жасыл желекке оранып, айналаны әрлендіріп тұр. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмақ емес.
Қазіргі таңда аудан орталы­ғындағы жолжиек қоршаулары мен түнгі жарықшамдарды жуып, сырлау жұмыстары үздіксіз жасалып жатқанын көз көріп жүр. Әйтеке би, В.Счастнов, Қ.Пірімов көшелеріндегі қоршаулар қайта жаңартылып, қоғамдық көлік аялдамаларын тұрғындарға қойлайлы ету үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. Бағаналарға жапсырылған қазақы нақыштағы ою-өрнектер мен көше ортасына сәндікке ілінген декорациялар кент ажарын одан әрі аша түскен.
Туған жердің көрікті келбетін қалыптастыру мақсатында ауданда атқарылып жатқан жұмыс жетерлік. Бұл да болса өңірдегі экологиялық мәселелерді еңсеруге бағытталған кешенді жұмыстың бір парасы саналады. Сондықтан аудан тұрғындарын өзіне тиесілі жерді таза ұстап, көгалдандыру жұмысына жұмыла атсалысқандары жөн.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
25 мамыр 2019 ж. 2 696 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930