Мемлекеттік тілдің мәртебесі үстем

Бөлімнің орталық аппараты мен түрлі бөліністері мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің, ІІМ бұйрықтарының, өкімдерінің, нұсқауларының нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылау, олардың талаптарының жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Ғимараттағы мемлекеттік тілге арналған арнаулы орын мен мамандар қызметкерлер мен келушілерге тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетумен айналасады.
Қазақ тілінің жазу және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, насихаттау мәселелерін дұрыс жолға қою мақсатында арнайы жүргізілетін сабақтар мен дөңгелек үстелдер де өз нәтижесін беруде.
Қазіргі таңда мемлекеттік тіл – мемлекеттің аумағында, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін атқару және іс қағаздарын жүргізуде барша азаматтардың еркін меңгеруіне, қажет еткен жағдайда ресми тілде жұмысты жүргізуге жағдай жасалған. Бұл бағыттағы істер тілге құрмет бұқаралық сипатқа айналғанда ғана толыққанды жүзеге асады.
Тілге құрметті мерейлі міндетке балайтын мұндағылардың әрбірі мұны жақсы сезініп, өздеріне жүктелген жауапкершілік деп сезінеді.
Айжан БЕЙБІТӘЛІ,
Қазалы ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты
тобының инспекторы, полиция капитаны