Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілге құрмет – абыройлы міндет

Тілге құрмет – абыройлы міндет

Халық қазынасы, ұлттың жаны саналатын тілді қастерлеу әрбір қазақстандық үшін қасиетті парыз саналады. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мерейін асыру ісі мемлекеттік қызметте те өрістеп келеді.

Қазалы ауданы полиция бөлімінде Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңына ерекше ден қойылған. Бөлімдегі қызметкерлердің барлығы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Олардың білімдерін дамыту ісі жолға қойылған. Атап айтар болсақ, тәжірибелі мамандар өз біліктілігімен бөліссе, кеңседегі анықтамалықтар барлық полицейге қолжетімді. Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын түсіндіру, насихаттау мақсатында конференция, семинар, дөңгелек үстел отырысы, байқаулар үзбей өткізіледі.

Құжаттардың қазақ тілінде сапалы дайындалуы — мемлекеттік тілді дамыту жұмысының негізгі көрсеткіші саналады. Бүгінде бөлімдегі құжат айналымы толық мемлекеттік тілге көшірілген. Іс-қағаздары: хаттамалар, қызметтік жазба, арыз-шағымдар мен шешімдер, бұйрықтардың мемлекеттік тілде жүргізілуі үнемі қадағаланып, уақытылы, мониторинг жасалады.

Қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді төл тіліндей қастерлеген өзге ұлт өкілдері де бар. Соның бірі, жеке құрам қатарындағы әріптесіміз, полиция майоры Айнұр Тен. Ол ҚР Ішкі істер министрлігінің Шымкент заң колледжі, ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы Академиясының түлегі.

Айнұр Александрқызы қазіргі кезде бөлімнің Штаб тобының аға инспекторы лауазымында қызмет атқарады. Бөлімдегі құжаттардың біраз бөлігі штаб тобы арқылы жүргізіледі. Соған қарамастан, кәріс ұлтының өкілі мемлекеттік тілді еркін пайдаланып, қызметкерлермен етене араласады.

Тілге құрмет – абыройлы міндет қағидасын берік ұстаған мұндағы полицейлер мемлекеттік тілді қолдау бағытындағы жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі жалғастырады.

Ранай ТОҚМӘМБЕТ,
Қазалы ауданы полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны
27 наурыз 2019 ж. 1 331 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 99

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930