Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Егіс алқаптарының қысқаруына байланысты ұн мен күріш қымбаттай ма: Министрлік жауап берді

Егіс алқаптарының қысқаруына байланысты ұн мен күріш қымбаттай ма: Министрлік жауап берді

Фото: freepik.com
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін бе деген сауалға пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрден егістік алқаптары қысқарса нан, ұн және күріш бағасы өсе ме деген сауал қойылды. Ол әзірге нақты болжам жоғын айтты.
“Қазақстанда жыл сайын 20 миллион тоннадан астам бидай өсіріледі. Оның 7 миллион тоннасы ішкі нарық қажетіне жұмсалады. Бұл ұн, нан және макарон өнімдері. Тағы 2 миллион тонна тұқым ретінде сақталады, қалғаны экспортқа шығарылады. Ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етіледі және алдағы уақытта да қамтамасыз етіле береді. Баға өспейді”, – деді Азат Сұлтанов.
Сонымен қатар вице-министр өнім бағасы көбіне әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты екенін айтты.
“Өздеріңіз білетіндей, баға әлемдік нарықтағы жағдайға тәуелді. Егер әлемде баға өссе, бізде де өсуі мүмкін. Бірақ Үкімет тиісті шаралар қабылдап жатыр. Тіпті әлемде бидай мен ұн бағасы қымбаттаған күннің өзінде, бізде нан бағасы көтерілмей отыр”, – деді ол.
Сұлтанов күріш тақырыбына да тоқталды. Оның айтуынша, егіс алқаптарының қысқаруы ішкі нарықта тапшылық туғызбайды.
“Қызылорда облысының әкімі биыл күріш егістігінің көлемі 70 мың гектар болатынын баяндады. Тіпті осы көлемнен ең төмен өнім алынған жағдайда да, ол ішкі қажеттілікті толық жабуға жетеді. Ешқандай қауіп жоқ”, – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бидай мен күріш алқабы ондаған мың гектар қысқаратыны туралы жазған едік.
12 мамыр 2026 ж. 119 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031