Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның өңдеу секторы соңғы жылдардағы ең жоғары өсім қарқынының бірін көрсетті

Қазақстанның өңдеу секторы соңғы жылдардағы ең жоғары өсім қарқынының бірін көрсетті

ЖІӨ өсімі 3,6%-ға дейін, өңдеу секторы 10%-ға жуық өсті.
Қазақстанның өңдеу секторы соңғы жылдардағы ең жоғары өсім қарқынының бірін көрсетті
Фото: iStock
Өңдеу өнеркәсібінің өсімі 9,9%-ға дейін жеделдеп, өнеркәсіптің қалпына келуінің негізгі факторына айналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің ақпаратына сілтеме жасап.
Қазақстан экономикасы базалық шикізаттық емес салалар есебінен өсіп келеді.
Құрылыс, көлік және өңдеу салалары ел экономикасының жеделдеуін қамтамасыз етті.
2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,6%-ды құрады.
ҰСБ-ның алдын ала деректері:
Өнеркәсіптік өндірісі. Нақты көлем индексі – 102,1%.
Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс 9,9%-ға өсті.
Машина жасау. Өсім – 23,3%.
Көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.
Жеңіл өнеркәсіп 2,3 есе өсті.
Жиһаз өндірісі – 41,7%-ға, фармацевтика – 35,2%-ға, құрылыс материалдары – 27,7%-ға, химия өнеркәсібі – 18,4%-ға, азық-түлік өндірісі 14,4%-ға өсті.
Жалпы, жыл басынан бергі төрт айдағы экономиканың оң динамикасы базалық салалардағы тұрақты өсім есебінен қамтамасыз етілді.
Ең жоғары өсім қарқыны келесі салаларда тіркелді:
құрылыс – 114,5%,  көлік және қоймалау – 112%, өңдеу –  109,9%, сауда  –  105,1%, ауыл шаруашылығы – 103,6%.

Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.
12 мамыр 2026 ж. 155 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930