Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өткел мәселесі өзекті

Өткел мәселесі өзекті

«Жол азабын жүрген біледі». Қазалы ауданының тұрғындары сан жылдардан бері күн райы бұзылған кезде, абыржының уақытысында дариядан өте алмай қиналатын. Балшығы белден келетін айналма жолмен жүріп, қиындықты бастан кешіретін. Аудан тұрғындарының бұл күндерді де ұмытуына аз ғана уақыт қалды.
Олай дейтініміз, Сырдария өзенінің «Әлсейіт» өткелі тұсынан темірбетон көпірінің құрылысы басталып, қарқын алу үстінде. Оның жалпы құны – 2,7 млрд теңге. Биыл көпір құрылысын жалғастыруға республикалық және облыстық бюджеттен 700 млн теңге қаралып отыр. Келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтіліп отырған көпірдің құрылыс жұмыстарын «КА-Строй ЛТД» серіктестігінің құрылысшылары жүргізуде.
Көпір пайдалануға берілген уақытта Қазалы мен Арал аудандарының 15 мыңға жуық халқымен бірге балық шаруашылығымен айналысып отырған кәсіпкерлердің ісі одан әрі жандана бастайды. Себебі, олардың өткел жоқ уақытта жұмысы уақытша тоқтап та қалатын. Енді бұл ауыртпашылықтардың барлығы да артта қалғалы тұр.
Айта кетейік, Сырдария өзеніне салынатын көпірдің ұзындығы – 219,45 метр, ал ені 12 метр болмақ. Автокөлік жүретін жүріс бөлігі екі жолақты. Өту бөлігінің ені – 7 метр, ал, қозғалыс жолағының ені 3,5 метр болады. Көпірдің жүк көтерілімдігі А14, НК-120, НК-180, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлардың ені – 0,75 метр.
Ж.СОВЕТҰЛЫ.
27 наурыз 2018 ж. 1 114 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930