Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан алтынды өз қолымен ысырап етіп жатыр

Қазақстан алтынды өз қолымен ысырап етіп жатыр

Қазақстан алтынды өз қолымен ысырап етіп жатырФото: ЖИ
Қазақстанда алтынның бір бөлігі кен өндірісі кезінде қалдықпен бірге ысырап болып жатыр. Сарапшылар қазіргі технологиялар тіпті құрамында алтыны аз кенді де өңдеуге мүмкіндік беретінін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АСФАЛЬТ АСТЫНДАҒЫ АЛТЫН
Qazaq Expert Club сарапшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген геологы, академик Низами Джафаров елге жер қойнауын тиімді пайдалану туралы қазірден бастап ойлану қажет екенін ескертті. Оның айтуынша, көптеген мемлекет жаңа кен орындарын игеруден гөрі ескі кеніштердің мүмкіндігін толық пайдалануға көшкен. Ал Қазақстан әлі күнге дейін пайдалы ресурстардың бір бөлігін қалдық деп есептеп, жоғалтып отыр.
Мәселен, бұрын құрамында бір тоннасына кемінде екі грамм алтын бар кен ғана өндіріске жарамды саналған. Қазір технологиялар құрамында 0,4-0,5 грамм алтыны бар жыныстардан да бағалы металл алуға мүмкіндік береді. Алайда бұл мүмкіндік жиі ескерілмейді. Соның салдарынан құнды кен жерге көміліп жатыр.
Академиктің сөзінше, Қостанай облысындағы Жітіқара алтын кен орны араға үзіліс салып, шамамен 50 жыл бойы игерілген. Ол кезеңде құрамында бір тоннасына кемінде үш грамм алтын бар кен ғана өндірістік маңызы бар деп есептелген. Өндірілген кендегі алтын мөлшері орта есеппен 7-10 г/т болған.
– Ал «бос жыныстарда» алтын мөлшері үш граммға дейін жеткен. Бірақ мұндай материалдар перспективалы деп танылмай, тіпті жол құрылысына пайдаланылды, – дейді Низами Джафаров.
Маманның айтуынша, Жітіқара кен орнының экологиялық тұрғыдан қауіпті қалдықтарының өзінде әлі күнге дейін бір тоннадан астам алтын бар. Яғни бағалы металл іс жүзінде қоқысқа тасталған.
РЕСУРСТЫҢ ЖАРТЫСЫ ҒАНА ИГЕРІЛУДЕ
Академик Қазақстан ресурстарды бағалау кезеңінің өзінде көп шығынға ұшырайтынын айтады. Кен орындарындағы пайдалы қазбалардың тек 60-80 пайызы ғана минералдық ресурс ретінде бағаланады. Оның өзінен өндіріс кезінде 70-90 пайызы ғана алынады. Ал өңдеу барысында кеннің тағы 30 пайызына дейін жоғалады. Нәтижесінде Қазақстанның бай жер қойнауындағы ресурстардың шамамен жартысы ғана нақты игеріледі.
Сарапшы қазіргі технологиялар бұл шығындарды азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол құрамында металл аз кендер мен байыту қалдықтарына назар аударуды ұсынады. Өйткені олардан да құнды ресурстар өндіруге болады және мұндай материалдарды кейін қайта өңдеу үшін қазірден сақтап қою қажет.
– Кен орындарын игеру кезінде тек экономикалық тиімділікті ғана емес, ел жоғалтып жатқан ресурстар көлемін де ескеру керек, – деп түйіндеді Низами Джафаров.
Бұған дейін Қазақстанның алтын кен орындары біртіндеп «Polymetal»-дың құрамына қосылып жатқанын жазғанбыз. Бизнесті бұдан 15 жыл бұрын бір ғана кен орнынан бастаған осынау компания қазір алтын өндіру нарығында екінші алпауыт ойыншыға айналды. 
12 мамыр 2026 ж. 113 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031