Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экология министрлігі құрғақшылық қаупі жоғары өңірлерді атады

Экология министрлігі құрғақшылық қаупі жоғары өңірлерді атады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 15:05Фото: pixabay
2026 жылғы 12 мамырда өткен Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы жазғы ауа райы болжамына тоқталып, құрғақшылық қаупі бар өңірлер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, көктемгі дала жұмыстары кезеңінде топырақтағы ылғал қоры жалпы алғанда қолайлы деңгейде. Алайда жекелеген аудандарда ылғал тапшылығы туындауы мүмкін.
"Ақтөбе облысының Шалқар ауданы мен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жайылымдық алқаптарда құрғақшылықтың қалыптасу қаупі бар", – деді Ерлан Нысанбаев.
Оның айтуынша, маусым айында еліміздің астық егілетін өңірлерінің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады.
Сонымен қатар жауын-шашын тапшылығы елдің орталық және оңтүстік-батыс өңірлерінде байқалуы ықтимал. Атап айтқанда, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысында, Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жауын-шашын аз түсуі мүмкін.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылы Қазақстанда қандай ауыл шаруашылығы дақылдары өсірілетінін мәлімдеген болатын.
12 мамыр 2026 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031