Премьер-министр Склярға алғыс айтып, Нәлібаев пен Ергешбаевқа сәттілік тіледі
Өткен аптада Үкіметте ауыс-түйістер болды.
Фото: Үкімет
Фото: ҮкіметПремьер-министр Олжас Бектенов бірінші вице-премьер Нұрлыбек Нәлібаев пен Қызылорда облысының жаңа әкімі Мұрат Ергешбаевтың жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Үкімет атынан Роман Васильевичке Үкімет құрамында нәтижелі бірлескен жұмысы үшін алғысымды айтамын және жаңа жауапты қызметте табыс тілеймін. Сондай-ақ Президент Жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Нұрлыбек Машбекұлы, өзіңізге сәттілік тілейміз. Мемлекет басшысының сенімін толық ақтайсыз деп сенемін, - деді Үкімет басшысы.
Бұдан бөлек Премьер-министр жақында Қызылорда облысы әкімі болып тағайындалған Мұрат Ергешбаевтың жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кету керек, бұған дейін Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жазғанбыз.
Қызылорда облысына жаңа әкім келді.














