Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттың нөмірлерге көлік иелерінің есімін жазу туралы ұсынысына ІІМ жауап берді

Депутаттың нөмірлерге көлік иелерінің есімін жазу туралы ұсынысына ІІМ жауап берді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігіндегілер Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаевтың көлік нөмірлеріне иелерінің есімін жазуға рұқсат беру туралы ұсынысына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ішкі істер министрлігінде мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне көлік иелерінің есімін жазуға рұқсат беру туралы ұсыныс қаралған жоқ", - деп жауап берді ІІМ мамандары редакцияның сауалына.
Мамандардың хабарлауынша, Қазақстанда қазіргі таңдағы нөмірлерді тіркеудің формасы мен үлгісі 2015 жылы 19 желтоқсанда қабылданған бұйрықпен бекітілген, оған сәйкес заңды тұлғаларда мемлекеттік нөмірде өңірі үш сан мен екі әріп арқылы, жеке тұлғалардыкінде үш сан мен үш әріп арқылы өңірлері белгіленеді.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев көліктердің мемлекеттік нөмірлерінде иелерінің есімін жазуға рұқсат беру туралы ұсыныс жасаған.
Tengrinews.kz.
10 қаңтар 2018 ж. 1 107 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды